Жанкелдин ауданында қар тазалау жұмыстары басталды

 Тазалыққа мән берген жөнБиыл Торғай халқы үшін қыс айы аса қатты болмағанмен, жылдағыдан қар көлемі көп. Биыл табиғи апаттың алдын алу жұмыстарына да мән беріп отыр. Алдымен Торғай ауылы әкімі аппараты коммуналдық кәсіпорынның техникаларын жұмылдырып, орталық алаңдағы қарды тазалап, камаз автокөлігімен ауыл сыртына апарып төкті.

“Қыс кезінде орталық алаңа жаңа жылдық қар қалашықтары жасалды. Енді алда көктем айы келе жатыр. Күн жылып, қар күрт ерісе, орталық алаңды су басып, тұрғындардың берекесін кетіреді. Оның сыртында Ұлыстың ұлы күні Наурыз мейрамы жақындап қалды. Барлық мерекелік шаралар орталық алаңда өтеді. Киіз үйлер тігіледі. Сондықтан осы бастан қар тазалау жұмыстарын қолға алып жатырмыз”, —дейді Торғай ауылының әкімі Кемеңгер Қарагұл.

Сонымен қатар, көше бойындағы қалың қарларды да тазалар, жаяу жүргіншілер жолдарын қалыпқа келтіру жұмыстарында қолға алмақшы.

Байбатыр АХМЕТБЕКОВ

Суретті түсірген: автор


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31

Просмотров: 17