
Жанкелдин ауданында «Алғыс айту» күніне орай мерекелік концерт көрермендерге жақсы көңіл күй сыйлады
Алғыс айту парызымАудандық мәдениет үйінде «Алғыс айту» күніне арналған мерекелік кеш болды. әуезді әнге толы кештің шымылдығын «Ғасырлар пернесі» халық ансамблі ашты.
Аудан әкімінің орынбасары Еренбол Алматов аудан халқын мерекемен құттықтады.
« Қазақстан халқы Ассамблеясының бастамасымен белгіленген бұл күн – тағдыр тоғыстырған түрлі этностардың қазақ халқына деген ризашылығын білдіретін, ел бірлігін нығайтатын мейрам. Осы сәтті пайдаланып, әр отбасыға бақыт пен қуаныш тілеймін», – деді.
Сонымен қатар, «Жұмысшы мамандықтар» жылы аясында ауданның әлеуметтік – экономикалық дамуына үлес қосқан азаматтарға аудан әкімінің алғыс хатын салатанатты түрде табыстады.
Концерттік бағдарлама аудан көркемөнерпаздарының мерекелік концертімен ерекшеленді. Халықтың бір-біріне деген құрметін арттырып, бейбітшілік пен ынтымақтың нығаюына септігі тиетін осындай іс- шаралар жалғасын табады деген сенімдеміз.
Байбатыр АХМЕТБЕКОВ
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31