Жанкелдин ауданында «Абайлаңыз балалар» атты республикалық акция жалғасын табуда

Бала өмірі ата – ана үшін маңызды

Аталған акцияға байланысты жергілікті полиция өкілдері жол ережелерін қатаң сақтауға шақырады. Аудан орталығындағы мектептердің жанында жылдамдықты шектейтін жол белгілері мен жаяу жүргіншілер жолы бар. Мұғалімдер мен полиция қызметкерлері жолда жүру қағидаларын сақтау жөнінде үнемі үгіт насихат жұмыстарын өткізіп отырады.

«Балалардың жол ережелерін сақтамауынан ағымдагы жылы жолда 165 жасөспірім және 4 мынан астам бала қаза тапты. Сондықтан жол ережелерін сактау қажеттілігі туралы үнемі ескретіп отырамыз. Бүгінгі таңда көліктін артуына байланысты жолдарда электр скутерлері және мопедтерден қауіп төніп тұр. Оларды жасөспірімдер кеңінен колданып жүр. Оларды қауіпсіз пайдалану бойынша талаптар бекітілді. Ең алдымен жолаушыларды тасымалдауға тыйым салынады. Жаяу жүргіншілер жолымен жүру керек. 18 жасқа толмаған және жүргізуші куәлігі жоқ адамдардың жүріс бөлігіне шығуына тыйым салынады», – дейді Жангелдин АПб-нін жергілікті полиция қызметі бөлімшесі учаскілік полиция инспекторы Сұңғат Ерікұлы.

Көшеде, қоғамдық орындарда жүріс тұрыс ережелері дұрыс сақталмай келеді. Кәмелет жасқа толмағандар көбінесе қауіпсіз мінез құлықтың қарапайым ережелерін білмеу нәтижесінде әкімшілік құқық бұзушылыққа тап болып жатыр. Сонымен қатар, жол ережелерін бұзған адамдарды көрсеңіз 102 мобильді қосымшасына хабарлассыңыз. Осы арқылы полиция бөліміне конырау шала аласыз.

Байбатыр АХМЕТБЕКОВ


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31

Просмотров: 5