Зардап шеккен тұрғындарды қажетті заттармен қамтуда
Тасқын судың зардабы елімізге үлкен сынақ қана емес, үлкен сабақ болды. Осы бір қиын кезеңде еліміздің бірлігінің арқасында кез-келген қиындыққа төтеп бере алатынымызды аңғардық. Бірлігі бекем елдің жеңбейтін қиындығы жоқ екеніне тағы бір мәрте көз жеткіздік. Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың “Бір ел, бір халық болып жұмылып, бұл апатты еңсереміз” деген сөзі дәлелін тауып бүкіл қазақ елі ғана емес көршілес мемлекеттер жұмылып апаттан зардап шеккен облыстарға көмектесуде.
Біздің ауданға да осы уақыт аралығында Қазақстанның әр түкпірінен гуманитарлық көмектер легі әлі күнге толастаған жоқ. Қажетті гуманитарлық көмек зардап шеккен отбасыларға берілуде.
-Күні кеше мереке қарсаңында түрік бауырларымыздың “YDA” фирмасынан гуманитарлық көмек келді. Гуманитарлық көмекті Алматы қаласынан Қайрат Зейноллаұлы, Ербол Махамбетұлы, Астана қаласынан Жеңіс Оразханұлы жеткізді. Бірлік бар жерде – тірлік бар деген нақыл сөзі татулық пен бауырластықтың айғағы іспетті. Қиын-қыстау кезеңде сүйеу болып, қол ұшын созған түрік бауырларымызға алғысымыз шексіз, – дейді Жангелдин аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Жадыра Қошеметова.
Елдің бірлігі мен татулығы талай қиындықты жеңе алатынының айғағы. Бүгінде елдегі жағдай тұрақталып, қарапайым халықтың көңілі тынышталды.
Аягөз ФАЗЫЛБЕКҚЫЗЫ
Тарихты тану – ұлтқа тағзым Шеген ауылдық кітапханасынан ағартушы, Қорғанбек Бірімжановтың құрметіне бұрыш ашылды. Бұл…
Мероприятие по озеленению родного края провели с участием акима района Габита Бекбаева, руководителей и сотрудников…
Этот день был особенным не только для Веры Федоровны, но и для коллег и людей,…
Ксения Денисенко и Нурлан Султанбеков из села Койбагар заключили интернациональный супружеский союз 15 апреля, в…
Еще совсем недавно аутизм считался крайне редким расстройством. (далее…)
Благополучное разрешение паводковой ситуации спортсмены национальных видов спорта решили отпраздновать, организовав соревновательное мероприятие между командами…
This website uses cookies.