Ауылды абаттандыруға көңіл бөлінуде
Биыл Қызбел ауылдық округінде көптеген ауқымды жұмыстар атқарылады. Себебі, келесі жылы ұлт мақтанышы, қазақ ағартушысы, ақын, жазушы, педагог, қоғам қайраткері Міржақып Дулатұлының 140 жылдығы Республика деңгейінде тойланады деген жоспар бар. Сондықтан Саға мен Бидайық ауылдарына көңіл бөлінуде. Яғни, Бидайық ауылындағы мұржайы мен кесенесі қайта жаңартылады. Ауыл орталығындағы бұзылған үйлер «Таза Қазақстан» экологиялық акция аясында тазартылуда. Қос ауылды абаттандыру жұмыстары басталды. Мәселен, Саға ауылындағы «Тәуелсіздік» саябағына төсеніш тастап төселіп жатыр.
«Ауылды абаттандыру жұмыстарына көңіл бөліп жатырмыз. Ауыл орталығындағы саябаққа брусчатка төсеу үшін облыстық бюджеттен 31 млн теңге қаржы бөлінді. Рудный қаласынан келген мердігер «Газтехника» жеке кәсіпкер жұмыстарын бастап кетті. 1900 шаршы метрге брусчатка төселеді. Тәуелсіздік саябағының көрінісін жақсартып қана қоймайды, ауылдың барлық тұрғындары үшін жайлы әрі әдемі атмосфера жасайды. Құрылыс жұмыстарының аяқталу мерзімі 31 тамызға белгіленген. Күнделікті қадағалап, сәніне емес сапасына мән беріп отырмыз», – дейді округ әкімі Қайсар Нұрғазин.
Бірлігі жарасқан Саға ауылының тұрғындары бұған дейін өздері бас көтеріп, ауыл орталығына «Шатхана», әмбебап спорт алаңдары салып, көпке үлгі болды. «Туған жерге тағзым» жобасы аясында ауыл тумалары тағы да бас көтеріп, тыңғылықты жұмыстарды атқарамыз деп құлшынып отыр.
Байбатыр АХМЕТБЕКОВ
2GIS ең танымал қалалық компанияларды анықтайтын халықаралық «2GIS сыйлығының» жеңімпаздарын атады. Қостанайда үздіктер 400 мыңнан…
Ташкент қаласына жолдама алды (далее…)
Мероприятия проходили в рамках республиканской экологической акции «Таза Казахстан». Напомним, что она стартовала по всей…
2ГИС назвал победителей международной «Премии 2ГИС» — проекта, в котором отмечают самые популярные компании города.…
Мемлекеттік тілге құрмет (далее…)
Об этом сообщил и. о. заместителя руководителя КГУ «Пригородное учреждение лесного хозяйства» управления природных ресурсов…
This website uses cookies.