Жанкелдин ауданы Торғай ауылының жас өнерпазы жүлдегер атанды

 Айназдың кезекті жеңісі

Жыл сайын әртүрлі деңгейдегі байқауларды ұйымдастырып, оқырмандардың алғысын арқалап жүрген облыстық «Қостанай таңы» редакциясы көпшіліктің көңілінен шығып келеді. Жуырда «Домбыра думан» байқауын жариялап, ұлттық өнерімізді ұлықтаған жас өнерпаздардың жолын ашты. Байқауға қатысқан 20 үміткердің ішінен жангелдиндік өнерпаз Айназ Қарағұл жүлдегер атанып, бірінші орынды жеңіп алды. Облыстық газеттің директор – бас редакторының орынбасары Аслан Қанғожин жеңімпаздарға арнайы дипломдар табыстады.

«Мен бұл байқауда бақ сынап, нәтижесінде жүлдегер болдым. Барлық үміткерлер қазақтың қара домбырасының шанағынан күмбірлетіп күй төге білетін өнерпаздар. Бірақ, байқау болғасын оның жүлдегері болады. Ұйымдастырушылар менің өнерімді жоғары бағалап, бірінші орынды берді. Облыстық «Қостанай таңы» газетінің ұжымына айтар алғысым шексіз», – дейді байқау жеңімпазы.

Айназ Кемеңгерқызы домбырадан бөлек, «Жетіген», «Шертер», «Шіңкілдек» аспаптарын жақсы ойнайды. Ол Б.Хамзин атындағы өнер мектебінің түлегі. Бірнеше рет облыстық, республикалық, халықаралық байқауларда жеңімпазщ болып, ауданымыздың абыройын асқақтатты. Қазіргі таңда «Dan-As» шығармашылық орталығындағы ұлт-аспаптар бөлімінде шеберлігін шыңдап жүр.

Байбатыр АХМЕТБЕКОВ


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31

Просмотров: 8