Жанкелдин ауданы, Тәуіш ауылының кітапханашысы дәрежелі марапат иесі атанды

Еңбегінің жемісі жетістікке жеткізді

Ұзақ жылдар кітапхана саласында абыройлы жұмыс істеген Дәметкен Баймолдина Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат Министрлігінің марапатын иелініп, «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісін омырауына тақты.

«Менің көп жылғы еңбегімнің жемісі. Осындай жоғары дәрежелі марапатқа ұсынған аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшылығына айтар алғысым шексіз. Кітапхана саласындағы тәжірибеміді кейінгі жас буын өкілдеріне дәріптеп, мамандығым мақтанышым екенін дәлелдесем деп ойлап жүрмін. Бұл қызмет аса жауапкершілікті және білімділікті қажет етеді. Жәй ғана кітапханашы емес. Кітапхана саласының да өзіндік әдістемелік құралдары бар. Соны толық меңгерген адам ғана осы саланың машықты маманы бол алады. Кітапханаға келген оқулықтарды қабылдап алып қана қоймай, әрбір оқырманмен тығыз байланыста жұмыс жасаған абзал. Мол тәжірибе жинақтаған адам өзінің еңбегінің жемісін көреді», – дейді марапат иесі.

«Жақсы кітап – жан азығы». Кітап адамзат мәдениетінің ең ұлы туындыларының бірі, кез-келген елдің мәдениетінің ең бастысы – кітапхана. Кітапхана-ғасырдан ғасырға адамзат тарихының керуенін сүріндірмей әкеле жатқан, шырағы биік парасаттылық пен білімділіктің, байтақ пен біліктіліктің киелі ордасы. Қасиетті қазынамызды көздің қарашығындай сақтап, насихаттап, ел игілігіне жаратып жүрген кітапханашылар – ең қажет, абыройлы мамандық иелері. Жастарды кітап оқу мәдениетіне тәрбиелеуге, олардың қызығушылығын арттыруға, талғамына, таңдауына, қажетті тақырыптарын тауып беруге, әдебиеттерді іріктеуге көмек көрсету, оқуға деген көзқарасын ояту кітапханашының тікелей міндеті. Қызығы мен қиындығы мол кітапханашы мамандығы туралы бір-ақ ауыз сөзбен жеткізу мүмкін емес, жұрт көп біле бермейтін, көп елене бермейтін, бірақ дүйім оқырманның кітап жайлы бағыт-бағдар алуы үшін жан-тәнімен беріліп қызмет атқарып жатқан кітапханашылардың еңбегі ұшан-теңіз.

Байбатыр АХМЕТБЕКОВ
Суретті түсірген: Әсем Досмағанбетова


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31