Жанкелдин ауданы Тәуіш ауылында спорт кешені мен балалар ойын алаңы салынады

 Ауылда ауқымды жұмыс атқарылуда

Биыл Жанкелдин ауданында инфрақұрылым жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Аудан орталығындағы көшелер асфальтталып, жаяу жүргіншілер жолы төселуде. Сонымен қатар, ауыл, ауылдық округтерде де қүрылыс жұмыстары қарқын алады. Мәселен, күні кеше ғана 22 тұрғын үй салынып, пайдалануға берілген Тәуіш ауылында көптеген жұмыстар атқарылады. Заманауи спорт кешені мен әмбебап спорт және балалар ойын алаңы салынады. Қазіргі уақытта алғашқы құрылыс жұмыстары басталып кетті. Спорт кешеннің ғимаратының іргетасы қаланып, жылу қазандығы орнатылуда. Сондай-ақ, әмбебап спорт алаңына асфальт жабындысы төселді. Балалар ойын алаңы әрі шағын футбол, баскетбол, волейбол сынды спорттық ойындар ойнауға қолайлы.

“Биыл Жаркөл ауылдық округінде бірқатар игілікті істер атқарылып жатыр. Су тасқыны, кезінде зардап шеккен халықтың көңіл күйі жақсы. Құны 29 млн болатын заман талабына сай 22 үй салынды. Екі көшеге асфальт жабындысы төселді. Жаңадан салынған үйлердің сырты евро шардақпен қоршалуда. Мемлекет басшысы айтқан “Әділетті Қазақстан” тұжырымдамасы сәтті жүзеге асуда. Оның сыртында ауыл орталығынан спорт алаңы мен спорт кешенін салу жоспары жүзеге аспақшы. Ауыл жастары бұқарадық спортты дамытуға ынталы. Елдегі игілікті істер ауыл халқының өмірге деген құлшынысын арттыра түседі деген сенімдемін”-дейді Жаркөл ауылдық округінің әкімі Бақыт Төлебаев.

Ауылдық ағайындардың арман тілектері біртіндеп орындалып келеді. Үкіметтің назарына ауылға бұрылды. Бұл тек табиғи апаттан зардап шеккен халықты алдаусырату деп болжамаған жөн. Сондықтан сабырлық таныта білсек, елдің талап тілектері әлі талай орындалады.

Байбатыр АХМЕТБЕКОВ


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31

Просмотров: 4