
Жанкелдин ауданы, Шилі ауылының тумалары чемпион атанды
Ағайынды қос балуан
Тараз қаласында дзюдо күресінен жастар арасында Қазақстан чемпионаты өтті.
Байрақты бәсекеде Қостанай облысы командасы сапында бәсекеге түскен ағайынды қос балуан жеңіс жетіп, Қазақстанның чемпиондары атанды. 81 кг салмақта белдескен Досбол Балғабай және 66 кг дәрежесінде Мағжан Бейсенбайұлы қарсыластарын тізе бүктіріп, бозкілемнің шаңын көкке көтерді.
“Жас дарындар біздің ауылдағы ағайынды азаматтар – Балғабай, Бейсенбай Абдуаитовтардың балалары. Айды аспаннан шығарып, айдарларынан жел есті деген осы. Бұл біз үшін зор қуаныш, үлкен мақтаныш, айтулы мәртебе. Ертең тағы бір ауылдасымыз Жансая Асылбекқызы 78 келі салмақта сайысқа түседі. Рулас ағаларының жеңісті жолын жалғауына тілектеспіз. Бір ауылдан үш чемпион шықса, өте керемет жетістік болар еді”, – дейді Шилі ауылынындағы тілектес ағайындар.
Байбатыр АХМЕТБЕКОВ
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31