Сатираның саңылығына шексіз құрмет
Жангелдин аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің қолдауымен, аудандық мәдениет үйінің ұйымдастыруымен «Ауыл және Мәдениет» жобасы жүйелі түрде жүзеге асып келеді. Ауыл, ауылдық округтердің клуб меңгерушілері мен кітапханашылары бірлесіп, Торғай жерінде дүниеге келген ақын – жазушылардың құрметіне мәдени шара ұйымдастыруда. Күні кеше Жанкелдин ауданы мен Арқалық қаласының «Құрметті азаматы», Қазақстан Республикасы білім беру ісінің құрметті қызметкері, Қаз ССР Халық ағарту ісінің үздік қызметкері, , сатирик-жазушы, ақын белгілі этнограф-ғалым, сатираның саңылағы Сейіт Кенжеахметовтың 85 жылдығына арналған «Сан өнердің сарбазы» атты танымдық кеш Шеген ауылында өтті.
2000 жылы негізі қаланған «Тосын әуендері» ансамблінің мүшесі Дүйсен Шахмұрат, «Еркесылқым» күйімен сахна шымылдығын ашты. Ауыл өнерпаздары тамаша кеште ән айтып, мың бұралып би билеп, қасиетті қара домбыраның шанағынан күмбірлетіп күй төкті. Тағылымы мол танымды шарада Сейіт Кенжеахметұлының шығармалары мен қағытпа әзілдері, шымшыма шындықтары насихатталды.
«Біздің басты ұстанымымыз ауылды жерде көрінбей жүрген тума талант иелерінің есімдерін жалпақ жұртқа насихаттау. Өнер адамдарын бір арнаға тоғыстыру үшін тынымсыз ізденіспен жұмыс істеп жатырмыз. Сонымен қатар, клуб меңгерушісі мен кітапханашың жұмыстарын қадағалап, ауыл халқына қалтқысыз қызмет істеуге бағыттап отырмыз. Бұған дейін басқа да ауыл, ауылдық округтерді аралап, жұмыстарын жандандырып келеміз. Алдағы уақытта да дәл осы бағыт бойынша жұмыстарды жалғастырамыз», – дейді мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Жанар Асанханқызы.
Талабы таудай талан иелері ауылда. Олардың киелі сахнада өнер көрсетуіне қолдау көрсету мәдениет саласының басты міндеті.
Байбатыр АХМЕТБЕКОВ
2GIS ең танымал қалалық компанияларды анықтайтын халықаралық «2GIS сыйлығының» жеңімпаздарын атады. Қостанайда үздіктер 400 мыңнан…
Ташкент қаласына жолдама алды (далее…)
Мероприятия проходили в рамках республиканской экологической акции «Таза Казахстан». Напомним, что она стартовала по всей…
2ГИС назвал победителей международной «Премии 2ГИС» — проекта, в котором отмечают самые популярные компании города.…
Мемлекеттік тілге құрмет (далее…)
Об этом сообщил и. о. заместителя руководителя КГУ «Пригородное учреждение лесного хозяйства» управления природных ресурсов…
This website uses cookies.