Жанкелдин ауданы, Шеген ауылында үй жиһаздарын жасайтын хас шебер бар

Елдің алғысын арқалаған азамат.

Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, Шеген ауылында 6 жеке кәсіпкер халыққа қызмет жасап отыр. Оның ішінде нақты кәсіп көзін тапқан Фархат Ибраев.

Отан алдындағы борышын өтеп келген азамат Қостанай қаласындаға жиһаз цехында жұмыс істеген. Негізгі мамандығы газэлектр дәнекерлеуші. Бірақ, үй жиһаздарын жасауға деген құлшынысы ерекше болса керек. Екі жылдан кейін туған жері Шеген ауылына көшіп келіп, жиһаз жасау кәсібін қайта қолға алған. 2017 жылы жергілікті кірістер басқармасына кәсіпкер ретінде тіркеліп, кәсіп шеңберін ұлғайту мақсатында «Zhas Project» жобасы аясында мемлекеттік бағдарламаға қатысып, қайтарымсыз несиеге қол жеткізеді. Яғни, 830 мың теңге көлеміндегі қаражатқа жиһаз жасайтын қажетті құралдар сатып алып, бел буып іске кіріседі.

«Ауыл жастарына оқу курсын оқытып, оларды да еңбекке баулып жүрмін. Оның сыртында жасаған жиһаздарымды ауыл, аудан тұрғындарына қолжетімді бағада сатамын. Осыдан 8 жыл бұрын «Игілік» бағдарламасы бойынша төменгі пайызбен 800 мың теңге несие алдым. Бір жағынан мал шаруашылығын дамыту жолға қойып отырмын. 2023 жылы тағы да мемлекеттік бағдарлама арқылы 5 млн теңге несие алып, жылқы өсірумен айналысып келемін. Ал, жиһаз жасау өнеріне бала күннен құштар едім. Сол күнгі арманыма жеттім. Қазіргі таңда тапсырыспен жұміс істеп отырмын. Аллаға шүкір елдің ақ батасы мен алғысын алудамын. Адамдардың әлеуметтік жағдайларына да мән беріп, тисінше арзан бағада сатамын. Сондай- ақ, каспи банк арқылы бөліп төлеуге де болады. Ірілі ұсақты малға да жасап жүрмін», – дейді жиһазшы Фархат Боранбайұлы.

Кәсіптің көзін тапқан азамат ауыл мақтанышына айналды. Ауыл көлемінде өтетін іс – шараларға үнемі демеуші болып келеді. Кәсібім бар екен деп шіренбейді. Елмен санасып жұмыс істеп жүр. Халықтың алғысын алған азаматтың болашағы зор болады.

Байбатыр АХМЕТБЕКОВ

Редактор

Поделиться
Опубликовал
Редактор

Недавние новости

Аулиекольские артисты поблагодарили земляков за поддержку

Ценным подарком в преддверии Дня благодарности стал праздничный концерт в честь сподвижников. (далее…)

12 часов назад

Қамыстылық алты әкім біліктілігін арттыруда

Өңірлерде жергілікті тұрғындар сайлаған әкімдердің 60 пайызы бұрын мемлекеттік қызметте жұмыс істемеген. (далее…)

1 день назад

150 аулиекольцев состязались за медали по лыжным гонкам

Районные зимние соревнования прошли в рамках I зимней областной спартакиады. (далее…)

2 дня назад

Мендыкаринский морг возобновил свою деятельность благодаря частному бизнесу

Все услуги, которые оказывал морг, теперь будет осуществлять индивидуальный предприниматель Владимир Крукович. (далее…)

3 дня назад

This website uses cookies.