Жанкелдин ауданы Сарысу ауылында инфрақұрылым қарқынды дамып жатыр

Ауылдағы шаруа қожалықтың жаңа үйі

Сарысу ауылы шағын елді мекен болғанмен бұл ауылдағы халық нағыз еңбек адамдары. Ауылдағы байырғы тұрғындар мал шаруашылығымен айналысып келеді. Көші – қон мәселесі мүлдем байқалмайды. Биылғы су тасқыны кезінде ауыл адамдары өз күштерімен табиғи апатқа қарсы тұрып, бірліктерін танытты. Көпке үлгі болды. елім деп елжіреген «Дүйсенбай» шаруа қожалығының басшысы Әсет Дүйсенбаев қолда бар техникасын жұмылдырып, ерлік көрсетті. Нәтижесінде Қазақстан Республикасының Президенті Қасым – Жомарт Тоқаевтың қолынан «Шапағат» медалін алды. Елелулі еңбегі еленген шаруа қожалық басшысы ауылдастарының мақтанышына айналды. Асыл тұқымды мал өсіріп жатқан Әсет қазіргі уақытта ауыл орталығынан заман талабаына сай үй салып жатыр. Ауыл тұрғындары да жәрдемдесіп, «Асар» жасап қолқабыстарын тигізуде.

«Ата бабамыздың қоныс орны. Шағын ауыл болса да халықтың тұрмыс – тіршілігі өте жақсы. Жол бойында орналасқан елді мекен. Байланыс бар. Интернет желісі де жақсы. Ауызсу мәселесі де оңтайлы шешілген. Отбасыммен ақылдасып, жаңа үй салуды ұйғардым. Құрылыс заттарын Қостанай қаласынан алдым. Қазіргі кезде үйдің құрылыс жұмыстарын аяқталыға жақын. Көмек қолын созған ауылдастарыма, жора – жолдастарыма алғысым шексіз. Бұл бастаманы ауылдық ағайындар қолдап, жылына бір үй салып отырсақ, өзімізге жақсы. Ауылдағы үйлердің барлығы ескірген. Бірі саман кірпіштен,бірі қамсытан салынған ескі үйлер. Заман ағымына қарай бет бұрып, барлық тұрғындар үйлерін жаңалай салса, ауылымыз көркейіп қалар еді. Ақша болса, құрылыс заттарын алу түк қиындық туғызбайды. Күзге дейін құрылыс жұмыстарын аяқтап, жаңа үйге көшемін», – дейді шаруа қожалық басшысы.

Әсет Дүйсенбаев жаста болса, көпке үлгі. Ауыл өңіріндегі қандай да бір іс шараларға демеуші болып, атымтай – жомарттығын танытып келеді. Мал шаруашылығын өркендетіп, мемлекеттік бағдарламаларға да қатысты. Мақтау мен марапатқа лайықты азаматтан үлгі алған абзал.

Байбатыр АХМЕТБЕКОВ


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31

Просмотров: 4