Жанкелдин ауданы, Саға, Бидайық ауылдарына қосымша ұялы байланыс мұнарасы орнталды
Интернет желісінің сапасы жақсарады
Өткен жылы Саға және Бидайық ауылдарын мобильді интернет желісімен қамтамасыз ету үшін құрылыс жұмыстары жүргізілген болатын. Сонымен қатар, Құмшық елді мекеніне де діңгек антенасы орнатылды. Жалпы, құрылыс жұмыстарына бөлінген 107 млн теңге толығымен игерілді. Ақпан айында іске қосылады деген жоспар бар. Көп ұзамай жергілікті халық сапалы интернеттің игілігін көретін болады.
Бұл жөнінде аудан әкімі Дінмұханбет Бидашев есеп беру жиынында айтты. Қызбел ауылдық округінің әкімі Қайсар Нұрғазин ауыл халқының алдында атқарған жұмыстарын баяндады. Алда атқарылатын ауқымды жұмыстарына тоқталды. Аудан әкімі бірқатар тапсырмалар беріп, оның нақты орындалуын қатаң тапсырды.
«Міржақып Дулатұлының 140 жылдық мерейтойы аясында облыстық және аудандық бюджеттен бөлінген қаражатқа көптеген іс-шаралар атқарылады. Оның ішінде маңыздыларына тоқталып өтсем, Тоқанай-Саға автомобиль жолының орташа жөндеу жұмыстары жалғасады. Саға және Бидайық ауылдарында абаттандыру жұмыстары және көшелеріне асфальт жабындысы төселіп, жарықтандыру жұмыстары жүргізіледі. Бидайық ауылындағы мұражайы жөндеуден өтіп, реэкспозиция жұмыстары жасалады», – деді аудан әкімі.
Алаштың ардақты тұлғасының құрметіне арналған мерейтой республикалық деңгейде өтеді деген жоспар бар. Міржақыптың атамызды туған жеріне көңіл бөлінеді. Қажетті қаржы қарастырылып, ауылды абаттандыру жұмыстары жанданады. Осы сәтті пайдаланып, ауылдың әлеуметтік – экономикасын көтеріп алған жөн. Әйтпесе, атамыздың 150 жылдығына дейін қандай жағдай боларын кім білсін. 140 жылдық мерейтойдың шарапатын уақытылы ұтымды пайдаланып қалған абзал.
Байбатыр АХМЕТБЕКОВ
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31