Жанкелдин ауданы Саға ауылының азаматтары су тасқыны кезінде белсене атсалысқаны үшін марапатталды

Жыры бітсе де, сыны бітпеген су тасқынынСаға ауылы да зардап шекті. Үйлері суға кетпегенмен лекерлеп ұстап отырған көтерме жолды сең бұзып, елді сергелденге салғаны баршамызға белгілі. Қарқыны қатты қарғын су табиғи апатқа жалғасып, елдің зәре – құтын қашырды. «Қоңыраулы» өзені арнасынан асып, шабындық пен жайылымға шыққан су тосқауыл жасап, бөгеседе бой бермеген. Сын сағатта жұдырықтай жұмылып, ауыл азаматтары табиғи апатқа қарсы тұрды.

«Су тасқыны кезінде ауылдағы жарамды барлық техникалар жұмылдырылды. Ауылда қалған барлық азаматтар атсалысты. Сыртта жүрсе де елдің амандығын тілеп отыратын мен ел перзенттері «бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып» қор ашып, қаражат жинады. Ауыл азаматтары жиналған қаражатқа азық – түлік, жанар-жағармай және басқа да гуманитарлық көмектерді уақытылы жеткізіп отырды. Бірліктің арқасында табиғи апатқа тосқауыл болып, өте ауыр сынақтан аман есен өттік», – дейді округ әкімі Қайсар Нұрғазин.

Табиғи апатпен арпалысқан азаматтар қазіргі бейбіт күннің батырлары десек, қателеспейміз. Олардың елелулі еңбектері ескерусіз қалған жоқ. Су тасқынының зардаптарын болдырмай, тосқауыл жасап, жою жұмыстарына белсенді араласқан азамат, азаматшаларға аудан әкімі Шота Оспанов облыс әкімінің грамоталарын салтанатты түрде табыстады. Сонымен қатар, аудан әкімінің грамотасымен 12 адамды марапаттады.

Қызбел ауылдық округінің әкімі Қайсар Сұлтанбекұлы мен жеке кәсіпкер Бәйгерей Балғаұлы су тасқынында белсенділік танытып, халық ықыласына бөленген Ерден Социалұлының үйіне арнайы барып, облыс әкімінің құрмет грамотасын табыс етті. Жұмағали Іңірбаевта осы марапаттың лайықты егесі болды. Облыс әкімі аппаратының грамотасы, Қызбел ауылдық округі әкімі апаратының бас маманы Айгерім Қожахметова табысталды.

Байбатыр АХМЕТБЕКОВ

Редактор

Поделиться
Опубликовал
Редактор

Недавние новости

«Пусть войны не будет никогда» – это пожелание несовершеннолетней узницы концлагеря Валентины Жестиковой из села Камысты

Жительница села Камысты Валентина Жестикова ребенком пережила тяготы военных лет во вражеском концентрационном лагере и…

13 часов назад

В Костанае торжественно отпраздновали День Победы (ФОТО)

Тысячи костанайцев собрались в парке Победы, чтобы почтить память тех, кто отдал жизни за Родину.…

1 день назад

Легкоатлетический пробег «Память» в Костанае собрал свыше 450 участников

Традиционное мероприятие приурочено ко Дню Победы. Об этом пишет "Наш Костанай" (далее…)

1 день назад

В Камыстинском районе жители села Арка привели в порядок памятник участникам ВОВ

Мероприятие прошло в преддверии 80-летия Великой Победы. Инициатором и спонсором работ выступила местный предприниматель, руководитель женского…

2 дня назад

Незаурядным способом коллектив карасуской школы проявил уважение к военной славе сограждан и земляков

В рамках проекта «Музейная педагогика», который активно реализуется в школе им. Абая с 2017 года,…

2 дня назад