Жанкелдин ауданы, Саға ауылында инфрақұрылым жұмыстары қарқынды

Ауылым – алтын бесігім

Аудан көлемінде соңғы жылдары инфрақұрылым жұмсытары қарқынды дамып келеді. Кеңес үкіметінен қалған көптеген ғимараттар ел игілігіне пайдалануға берілді. Ауыл, ауылдық округтерде дәл осындай құрылыс жұмыстары күні бүгінге дейін жалғасын тауып келеді. Әсіресе, аудан орталығынан 130 шақырым жерде орналасқан Саға ауылында көптеген құрылыс жұмсытары жүзеге асып жатыр. Ұлт жанашыры М.Дулатұлының 140 жылдық мерейтойы алдағы жылы республикалық деңгейде өтеді. Осыған орай дайындық жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Оның сыртында Бидайық ауылында да бірқатар жұмыстар атқарылып жатыр. Жол жөндеу жұмыстары да билік назарында.

«Саға ауылы Тәуелсіздік саябағының ішіне 1900 кв/м брусчатка төсеуге облыстық бюджеттен 40 млн бөлінді. Порталға орналастырылып, ашық конкурс жарияланды, нәтижесінде ИП «Газтехника» ұтып алды. «Тәуелсіздік саябағы» аумағында орналасқан «Әкімшілік мекемесі», «Қызбел тойханасы», «Фельдшерлік акушерлік пункті», «Ауыл мешіті», «Мәдениет үйі», «Дала сахнасы», «Мектеп» аумағына 2400 кв брусчатка төселді. Мектеп оқушыларының мектепке жүріп баруларына, сондай ақ ауыл жастарының кешкілік саябақта демалуларына қолайлы атмосфера болды. Келесі жылы брусчатканың маңына демалып отыратын орындықтар мен әсем жарықшамдарын қою жоспарда бар», – дейді ауыл әкімі Қайсар Нұрғазин.

Алдағы жылы барлық елді мекендердің ауыл орталығындағы көшелеріне асфальт жабындысы төселеді. Сонымен қатар, ауыл тумаларының демеушілігімен ауқымды жұмыстар жүзеге асады деген жоспар бар.

Байбатыр АХМЕТБЕКОВ

Редактор

Поделиться
Опубликовал
Редактор

Недавние новости

Науырзымдық жас өнерпаздар жылдық есеп беру концертіне қатысты

Ауданымыздағы қосымша білім беретін «Балалар шығармашылық үйі» шәкірттерінің  «Өнерім саған, туған жер» атты есеп…

14 минут назад

В Мендыкаринском районе 8 водителей мототехники привлекли к административной ответственности

В период с 19 апреля по 19 мая на территории района сотрудниками отдела полиции проводится…

58 минут назад

Қамыстыда жаңа қойылымның премьерасы өтеді

Қамысты аудандық мәдениет үйі жанынан құрылған «Жайылма» халық театры көрерменге жаңа туындысын ұсынбақ. 24 сәуір…

5 часов назад

Почти два месяца жительница Костаная, потерявшая ребенка и лишившаяся матки, пытается наказать виновных

Асель Уакбаева намерена через суд добиваться наказания врачей, пишет "ТоболИнфо" (далее…)

7 часов назад