Жанкелдин ауданы, опырылып ортасына түскен жаяу жүргіншілер жолын кім қалыпқа келтіреді

 Құрылыс жұмысы сапасыз

Өткен жылы аудан орталығындағы бірқатар көшелерге асфальт жабындысы төселіп, жаяу жүргіншілер жолын салынды. Мердігерлерге сапасына мән беру жөнінде жергілікті билік өкілдері мен аудандық мәслихаттығ депутаттары бірнеше рет ескертті. Жаяу жүргіншілер жолының жиегіне құрғақ құм төсеп жатқандығында аңғарып, депутаттары қайта қалыпқа келтіру керектігін айтты. Мердігерлерге ақша керек болса, халыққа құрылысын жұмысының сапасы керек. Құлжановтар көшесінің бойындағы жаяу жүргіншілер жолы опырылып ортасына түсті. Жиегі де жарылып тұр. Егер асығыс келе жатқан адам болса, шұңқырға түсіп мертігуі әбден мүмкін.

Осы жағдайды ескерту үшін Торғай ауылы әкіміне хабарластық.

«Қауыпсіздік шарасын қамту үшін қызыл лента байлап, белгі қоямыз. Алдағы уақытта қалыпқа келтіру жұмыстарын жалғастырамыз», – деді.
Қандай құрылыс жұмыстары болса да сапасына мән берілу керек. Аудандық, облыстық, республикалық бюджеттерден қаншама қаржы бөлініп жатыр. Ал, мердігерлер көзбояушылық танытып, сапасыз жұмыс істесе, қомақты қаржының желге ұшқаны.

Байбатыр АХМЕТБЕК


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31

Просмотров: 13