Жангелдин ауданы Көлқамыс ауылына жаңа үйлер салынады

 Тасқын судан зардап шеккен ауыл тұрғындары баспаналы болады

Ауыл тұрғындары су апаты салдарынан бұзылған үйлердің орына үй салынады деп қуануда. Көлқамыс ауылын толығымен су басып, үйлер тұруға жарамсыз қалды. 19 үйдің іргесі құлап сумен ағып кетті. Далада қалған тұрғындар қазіргі таңда әлеуметтік көмектен келген кигіз үйлерде тұрып жатыр.

-Бір үйдің құрылысына 29 млн теңге қаржы бөлінді. Қазіргі таңда мердігерлер «Алюминстрой» ЖШС 10 үй, «ЭлитСтрой Дом» ЖШС-гі 9 үйге жауапты, жұмыстарын бастады. Үйлер толығымен 1 тамызға дейін салынып, тұрғындарға пайдалануға беріледі, – дейді облыстық құрылыс басқармасы басшысының орынбасары Данияр Сәбитов.

Қазіргі таңда елдің жағдайы жаман емес. Бастысы тасқын су қауіпі сейілді. Қарпайым халықтың ендігі тілегі үйдің сапалы салынып шығуы ғана.

-Еліміздің көп бөлігін су басып, жалпы қазақ елі болып бұл сынықты да еңсеріп шықтық. Біздің Көлқамыс ауылында су шайып, халық үйсіз қалды. Әрине, қорқыныш болды. Десекте, бәрі артта қалды. Қазіргі таңда жаңа орындарға үй салу үшін құрылыс жұмыстары басталғанын көріп халық қуанып жатыр. Осы орайда, Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевқа, облысы әкімі Қ.Ақсақалов, аудан әкімі Ш.Оспановқа алғыс айтқым келеді. Елімізді айтып келметін апаттан сақтап, бейбіт заманда тыныш өмір сүруді нәсіп етсін, – дейді ауыл ақсақалы Ноғайбаев Қуандық.

«Қазақстан халқына» қорынан әр бір үйсіз тұрғындарға қаражат бөлініп, мердігерлер жұмыстарын бастап кетті. Суға кеткен малдардың шығандары есептеліп қаржылай берілуде. Тұрғындар қара шаңырақтарының қабырғасы құлағаны үшін емес, ондағы көп жылдар бойы өткізген бақытты кезеңдерін қимастықпен еске алады. Құрылысы басталып кеткен үйлер бой көтеріп, көп ұзамай кілтін алып ішін тек қуанышқа толтыруды жазсын.

Аягөз ФАЗЫЛБЕКҚЫЗЫ


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31

Просмотров: 7