Жанкелдин ауданы, Бидайық ауылындағы егістіктің көлемі көңіл көншітеді

Шаруа қожалық басшысына ел дән риза

Бидайық ауылының тұрғыны Қайрат Сайранұлы басшылық жасап отырған «Алмас» шаруа қожалығы 2005 жылы құрылды. Шаруа қожалық иесінің иелігінде 3 239 гектар жер телімі бар. Оның ішінде 2443 гектары жері егістік, 1183 гектары жайылымдық жер.

Жыл сайын егістік жерлерді әртараптандыру бойынша үнемі жұмыстар жүргізіп келеді. Негізгі себілетін дақылдар, бидай, арпа және майлы дақылдар. Әр жыл сайын тұқым жаңарту мақсатында элиталық және жоғарғы репродукциялық тұқымдарын сатып алады. Сонымен қатар, арам шөптермен зиянкестерді улау үшін жылда егістік алқаптар гербицидтермен өңдейді.

«Үкіметтің қолдауының арқасында тұқым және гербицидтер сатып алып, шыққан шығындардың бір бөлігін жабу үшін субсидия алды. Жерді жылма жыл жыртып, зиянкестермен дер кезінде күресудің арқасында ғана жоғарғы өнім алуға мүмкіндік ие болып отыр. Сондай – ақ, атадан қалған дәстүрлі жолмен мал шаруашылығы дамытып келеді. Қазіргі таңда шаруа қожалығында 174 бас ірі қара және 230 бас жылқы бар. Ірі қара малдарын асылдандыру бағытындағы тыңғылықты жұмыстарды атқарып келеді. «Сыбаға» бағдарламасы арқылы несие алып, оған асыл тұқымды аналық малдар мен бұқалар сатып алған болатын. Алдағы уақытта мал басын ұлғайтып, мал бордақылау алаңын ашуды жоспарлап отыр. Мал шаруашылығын қолдау мақсында үкімет тарапынан жүргізіліп жатқан бағдарламалар мен бөлініп жатқан субсидияларды қол жеткізіп келеді. Осы арқылы шаруа қожалығы қарыштап дамып, жер көлемі ұлғаюда. Шаруа қожалық басшысы 20 адам тұрақты жұмыспен қамтып отыр. Жұмысшыларға арнап салған зәулімдей үй заман талабына сай. Оның сыртында асханасы бөлек ғимратқа орналасқан. Уақытылы азық – түлік жеткізіліп, жұмысшылардың талап – тілектерін орындау кезінде сөзден тайып, жалтарып көрген емеспіз», – дейді шаруа қожалық басшысы Қайрат Райсов.

Ауданымыздың әлеуметтік – экономикалық дамуына және ауыл халқының тұрмыс-тіршілігін жақсартуға өзіндік үлесін қосып отырған Қайрат Райсов еліміздің мақтанышы. Қандай да бір ауқымды іс – шараларға атсалысып, үнемі қаржылай демеушілік жасайды. Атымтай – жомарт шаруа қожалық басшысының дәл осы үрдісін басқа да қожалқытар жалғыстырып жатса, еш артықтығы болмайды.

Егін шаруашылығымен көп жылдан бері айналысып келеді. Биыл бидай, арпа және мал азығының қорын молайтып алды. Көктемгі егін себу және ору науқанында 30 адамды жұмыспен қамтыды. Жалпы қарамағында 6 шаруа қожалықтары бар. Өндірілген өнімді егістік алқаптын басынан сатып жатыр. Өнімнің тоннасын 50 мың теңге. Сырт елдерден келіп, сатып әкетіп жатыр екен.

Байбатыр АХМЕТБЕКОВ
Суретті түсірген: Ернұр Иманғалиев

Редактор

Поделиться
Опубликовал
Редактор

Недавние новости

Қамыстылық ардагер алғашқы төсбелгінің иегері!

Ұлттық валютамыз – Теңге күні және қаржы жүйесі қызметкерлерінің кәсіби мерекесінде биыл банк саласы ардагерлері…

5 часов назад

Финансовая грамотность: путь к стабильности для семей и общества

В Лисаковске в рамках проекта по ресоциализации осужденных прошел тренинг на тему «Финансовая грамотность для…

10 часов назад

С экс-директора Басаманского лесхоза взыскали 21,6 млрд тенге

Большая часть этих средств пойдет в областной бюджет (далее…)

13 часов назад

Уникальная выставка открылась в Костанайском областном мемориальном музее И. Алтынсарина

Жители и гости города смогут вживую увидеть деревянную посуду семьи просветителя, инструменты, которыми пользовался его…

1 день назад

This website uses cookies.