Жанкелдин ауданы Аралбай ауылының тұрғыны әлемдік гинес рекорттар кітабына енді

Әлемдік сертификаттың иегері

Өткен жылы Астана қаласында өткен дүниежүзілік көшпенділер ойындарында аламан құрақ тігіп, рекорд орнату арқылы қазақтың қол өнерін жаңа деңгейге көтеріп, Гинес рекордттар кітабына енген 450 құрақшылар қатарында Қостанай облысынан жеті құрақшы барып қатысқан болатын. Шебер аналар қатарында жерлесіміз, Құралай Молдабаевада бар.

Күні кеше Қостанай қаласында Ұлыстың ұлы күні наурыз мейрамына арналған мәдени көпшілік шарада құрақшы аналарға ерекше құрмет көрсетіліп, Қостанай облысы әкімдігінің мәдениет басқармасының басшысы Қ.Атамұратовтың алғыс хаты және әлемдік гинес рекордттар кітабына енгендігін дәлелдейтін сертификат табысталды.

Аралбай ауылының тұрғыны, жеке кәсіпкер, «Алтын алқа» иегері, ардақты ана Құралай Қапарқызы осыдан алты жыл бұрын 500 мың теңге көлемінде мемлекеттік грант (қайтарымсыз несие) алып, тігін өнерін дамытуға бел буған. Тігін тігуге деген құштарлығы бала күннен артқандығын айтқан болатын. Қазақтың сән үлгісіне айналған оюларды пайдаланып, құрақ көрпе құрағанда таңырқаудан басқа амалыңыз болмайды. 2023 жылы Қазақстанның «КИНЭС» рекордтар кітабына есімі алтын әріптермен жазылды. Ісмерлік саласындағы рекордты жаңарту үшін Астана қаласында өткен V дүниежүзілік көшпенділер ойындарына қатысып, іскерлігі мен шеберлігін тағы бір мәрте дәлелдеді. V дүниежүзілік көшпенділер ойындарына қатысқаны үшін сертификатпен марапатталып, әлемдік гиннес рекордтар кітабына есімі енді.

Ісмердің тыңғылықты ісі көпке ұнайды. Сондықтан болар, тұтынушысы көп. Жаңаша дүниелерді жасау үшін үнемі ізденіс үстінде жүреді.Тәжірибесі мол тігіншіден қыз – келіншектер үлгі алса, еш артықшылығы болмас еді.

Аягөз ФАЗЫЛБЕКҚЫЗЫ

Редактор

Поделиться
Опубликовал
Редактор

Недавние новости

Стамбул, Вьетнам и Грузия: аэропорт Костаная договаривается о новых рейсах

Об этом было сказано на аппаратном совещании акима области. (далее…)

41 минута назад

В трех селах Денисовского района появится сотовая связь

Для улучшения мобильной связи и доступа к интернету в сельских населенных пунктах Костанайской области выделены…

1 час назад

Сарыкөл ауданында “Жанашыр бол” ҚҚ өкілі жеке қабылдау өткізді

31 наурызда Сарыкөл ауданының көмек алаңы кеңсесінде «Жанашыр бол» қоғамдық қорының өкілі Жасгүл Тоғжанова пробация…

6 часов назад

В Костанае на месте заброшенного хлебозавода появятся современные кондитерские цеха

«Больше местных сладостей и новых рабочих мест для своих», - под таким девизом прошла поездка…

24 часа назад