Жанкелдин ауданы Аралбай ауылының тұрғындары әдебиеттің алдаспаны атанған ақынның рухына тағзым жасады

Ұлыларға ұрпақтарының құрметі шексіз

Жангелдин аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бастамасымен жүзеге асып жатқан «Ауыл және Мәдениет» жобасы Аралбай аулында жалғасын тапты. Ауылдық клуб меңгерушісі мен кітапханашысы мәдени көпшілік іс – шараның жоғары деңгейде өтуіне күш салған екен. Олар қазақтың көрнекті ақыны, Қазақстан Республикасы Абай атындағы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Қазақстанның Халық жазушысы, соғыс ардагері Сырбай Мәуленовтың құрметіне арнап, «Жыр тұлпары Сырбай» атты әдеби сазды кеш ұйымдастырды. Ауыл тұрғындары мен мәдениет саласының қызметкрелері алдымен ауыл орталығында орналасқан «Ер есімі ел есінде» ескерткішіне тағзым жасап, соғыстан қайтпаған майдангерлердің рухына құран бағыштады. Ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Қойшыбек Молдабеков естелік айтып, ескерткіштің тарихымен таныстырды. Одан кейін «Қазақ лирикасының шебері» атты кітап көрменің ашылуы болды. Ауыл кітапханашысы Дина Жалкенова ақынның өміржолы мен шығармашылығын кеңінен таныстырды. Аудан әкімінің орынбасары Еренбол Қайырбекұлы мен мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Жанар Шалабай кітап көрмесінің лентасын қиып, тілектестіктерін білдірді.

«Жыл басында қолға алған бұл жоба мәдениет саласына тың серпін берді. Біз ауылды жерде көрінбей жүрген таланттарды анықтау үшін осы жобаны қолға алдық. Нағыз талант иелері ауылда. Бұған дейін басқа ауылдарға барып бекітілген жоспар бойынша іс – шараларын тамашаладық. Сондай байқанымыз тума талант иелері әлі де бар екен. Тек солардың есімдерін жалпақ жұртқа насихаттау кем болып жүр екен. Осы бағыт бойынша әлі де жұмыстарды жандандырып, өнер сүйер халықтың ыстық ықыласына бөленіп, жаңа өнер иелерін анықтайтын боламыз. Сонда ғана мәдениетімізге мән, өнерімізге сән кіретін болады», – дейді мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы.

Әдеби сазды кеш өте кермет болды. ауылдағы жас талант иелері ақынның шығармаларын насихатап, өлеңдерін мәнерлеп, жатқа оқыды. Күмбірлеген күй, әуезді ән айтылды.

Байбатыр АХМЕТБЕКОВ

Редактор

Поделиться
Опубликовал
Редактор

Недавние новости

Аулиекольские артисты поблагодарили земляков за поддержку

Ценным подарком в преддверии Дня благодарности стал праздничный концерт в честь сподвижников. (далее…)

1 день назад

Қамыстылық алты әкім біліктілігін арттыруда

Өңірлерде жергілікті тұрғындар сайлаған әкімдердің 60 пайызы бұрын мемлекеттік қызметте жұмыс істемеген. (далее…)

2 дня назад

150 аулиекольцев состязались за медали по лыжным гонкам

Районные зимние соревнования прошли в рамках I зимней областной спартакиады. (далее…)

3 дня назад

Мендыкаринский морг возобновил свою деятельность благодаря частному бизнесу

Все услуги, которые оказывал морг, теперь будет осуществлять индивидуальный предприниматель Владимир Крукович. (далее…)

4 дня назад

This website uses cookies.