Жанкелдин ауданы Аралбай ауылының тұрғындары алғыс айтты
Өз жұмысына адал жандар
Жаңа жыл күні Аралбай-Көкалат ауылының арасындағы тоқ жеткізетін 7 баған құлап, екі ауыл жарықсыз қалды. жеткізе Аудан әкімі Дінмұханбет Бидашев шұғыл шешім қабылдап, аудандық электр станциясының ұжымына тапсырма берді. Аудан әкімінің орынбасары Айдаралы Талпақов пен аудандық электр желісі мекемесінің басшысы Нұрболат Қуанышұлы іске кірісіп, электр мамандарын жұмылдырды. Электр желісі мекемесінің бас инженері Әліби Маңабайұлының басшылығымен 4 бірлік арнайы техника, 12 адам залал келген орныға шұғыл түрде келіп, ауа райының қолайсыздығына қарамастан құлаған бағандарды қалыпқа келтірді.
“Мереке және демалыс уақытында тынбай жұмыс істеп, өз ісінің нағыз маманы ретінде көрсете білген электр желісі мамандарына ауыл тұрғындарының атынан шексіз алғысымды білдіремін. Сонымен бірге облыс әкімінің орынбасары Арман Әбенов өзі тікелей қадағалап, басшылық жасады. Жұмыс барысында жауапкершілікпен тынымсыз еңбек еткен электр желісінің инженері Әліби Маңабайұлына, Көкалат ауылының электмастері Есет Хамзинге, электр монтерлер Жәнібек Байғозыға, Аслан Кенжетаевқа, Арлан Мұханбедқалиевке, Жохар Ихсаұлына, Думан Нұрланға және арнайы техника жүргүзушілері Болат Жүсіповке, Әлімбек Ысмағұловқа, Нұрболат Салықовқа, Бейбіт Досмағанбетовке шексіз ризамын”,- дейді ауыл әкімі Әділжан Сламжан.
Байбатыр АХМЕТБЕКОВ
Сурет: әлеуметтік желіден алынды
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31