Жанкелдин ауданы, Аралбай ауылындағы мектеп күрделі жөндеу жұмыстарын қажет етеді

 Тозығы жеткен мектеп

Күні кеше Ербол Бекбосынов өзінің «Facebook» әлеуметтік парақшасы арқылы үндеу жолдады. Ол Аралбай ауылындағы Жангелдин жалпы білім беретін мектебінің жағдайы сын көтермейтіндігін айтып, алдағы уақытта күрделі жөндеу жұмыстарын жасау керектігін алға тартты.

«Мен білім ошағына келдім. Ішін аралап көріп едім, даладан да салқын. Оқушылар сырты киімдерімен отыр. екі қабатты мектептің жағдайы өте мүшкіл. 21 ғасырда сыртқы киіммен сабақ оқып отыру елдігімізге сын. Сондықтан алдағы уақытта қажетті қаржы бөліп, күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу керек», – деп видеоролик арқылы ұсыныс айтты.

Мәселенің анығына көз жеткізу үшін аудандық білім бөлімінің басшысына хабарластық. Бұл мәлімет жөнінде нақты әрі толық ақпарат беретіндігін айтып, сендірді.

Жалпы бұл мектептің тарихы тереңде. Зәулімдей екі қабатты білім ошағы шыныменде іргетасы қаланғаннан бері күрделі жөндеу жұмыстарын көрмеген. Тек қана екі жылда бір ағымдағы жөндеу жұмыстары жасалып отырған. Одан кейін Жангелдин ауданының бұрыңғы әкімі Шота Оспанов елдің ұсыныс пікірін ескеріп, мектептің төбе шатырын жаңалап, замануи терезелер салу үшін жергілікті бюджеттен қаржы бөлді. Ендігі уақытта ауылдағы халықтың жанайқайына құлақ түріп, аталған мектепке күрделі құрылыс жұмыстарын жасайды деген үміттеміз. «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдасы жүзеге асса игі.

Байбатыр АХМЕТБЕКОВ


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31

Просмотров: 6