Жанкелдин ауданы, Қалам – Қарасу ауылдық округіндегі саябақтың ашылу салтанаты өтті

«Туған жерге тағзым» жобасы жүзеге асты

Күні кеше ауыл тумаларының демеушілігімен Қалам – Қарасу ауылдық округінің орталығынан әмбепап саябағының ашылуы болды.
Игілікті шараның ашылуында округ әкімі Берік Мұхамедин құттықтау сөз сөйлеп, жақсы бастама әлі де жалғасын табатынына сенім білдірді.

«Қалам-Қарасу ауылындағы бұл мерекелік шара – ел бірлігін, туған жерге деген шынайы махаббатты, үлкендерге деген құрметті паш еткен айрықша күн ретінде есте қалды. Туған жерге тағзым ету – тек өткенді еске алу ғана емес, болашақ ұрпаққа өшпес мұра қалдыру деген сөз. Қалам-Қарасу ауылының тұрғындары мен жастары осы ұлы міндетті абыроймен атқарып, туған жерінің абыройын асқақтатты», – деді округ әкімі.

Сонымен қатар, ақын Ғ.Қайырбековтың інісі Ермек Сейткерейұлына ауыл тұрғындарының атынан алғысын жеткізді. Атымтай – жомарт азамат шағын саябақтың ішіне балаларға арналған ойын элементтерін қоюға себепші болып, өз атынан демеушілік жасаған. Ауылдың көркіне сән беріп тұрған саябақтың лентасын Қанат Тұрмағанбетов пен Қанат Ақышов салтанатты түрде қиды. Ақ жаулықты аналарымыз шашу шашып, қазақы слт – дәстүрді насихаттады.


«Ауыл жастарының туған жерін көркейтуге деген шынайы ықыласын, олардың елге деген сүйіспеншілігін көрсетті. Мұндай бастамалар ауылдың келешегі үшін маңызды, себебі жас ұрпақтың туған жерге қызмет етуі арқылы ауылдың мәдени-әлеуметтік дамуы нығая түспек», – дейді тілекші қауым. Бұдан кейін шатханада арнайы қонақасы берілді. Игілікті шара мәдени және спорттық шараларға ұласты. Ауылдың жанашыр азаматтары өзара кеңесіп, ауылдың болашағы үшін маңызды шешім қабылдады. Яғни жыл сайын 27 маусым – «Ауыл күні» күні болып бекітілді. Ауылдықтар жаңаша бастаманы бірауыздан қолдады.

Байбатыр АХМЕТБЕКОВ, фото Жанар Марғұланқызы


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31

Просмотров: 21