Өнер адамдарының өрісі кек
Қостанай облысы, Тобыл қаласындағы «Алтын дән» мәдениет үйінде Наурыз мейрамы қарсаңында «Сахналық жекпе-жек» өнер байқауы өтті.
Әр өңірден келген 9 үміткер төрт кезеңнен тұратын байқауда бақтарын сынап, қолдарынан келгенше намысқа тырысып бақты.
«Қатысушылар төрт кезеңнен тұратын байқауда өз өнерін көрсетті. Бірінші кезеңде атқарған жұмыстарын көрме арқылы таныстырды. Екінші кезеңде авторлық жобаларын қорғады. Үшінші кезеңде Тобыл-Торғай өңірі композиторларының әнін орындады. Төртінші кезеңде Наурыз мейрамына орай салт-дәстүрге қатысы бір әнді әуелетіп шырқады. Байқаудың мақсаты – өңір композиторларының әндерін насихаттап, ауыл клубтарының ұйымдастырушыларын қолдап, олардың шығармашылық және ұйымдастырушылық жұмыстарын бағалау», – дейді аудандық мәдениет үйінің мәдени ұйымдастырушысы Мейрамбек Бейсенбек.
Байқау барысында қазылар алқасы қатысушылардың өнері мен шеберлігі жоғары бағалаған. Жарыс қорытындысы бойынша үздіктер анықталды. Ауданымыздың абыройын қорғам, мәртебесін көтерген Н.Ахметбеков атындағы мәдениет үйі қарасты Қалам-Қарасу ауылдық клубының меңгерушісі Ерболат Дәуірұлы жүлделі 3 орынды иеленіп, 200 мың теңге ақшалай сыйлықпен мараптталды.
Байбатыр АХМЕТБЕКОВ
Қамысты ауданында тұратын өнерлі жұп – Эльмира Ғалибекқызы мен Досбол Қашқынбаевтар биыл шаңырақ көтергендеріне 30…
В эти дни в районе неудивительно увидеть компактный механизированный отряд, в который входит легковой автомобиль…
Жерлестеріміз жеңіске жетті (далее…)
В регионе активно развивается племенное животноводство — одно из ключевых направлений сельского хозяйства региона. Об…
Арқалық – Астана бағыты бойынша қатынайтын №655/656 «Нұрлы жол – Арқалық – Нұрлы жол» жолаушылар…
Қауіптің алдын алған абзал (далее…)
This website uses cookies.