Жанкелдин ауданы, Ақшығанақ ауылында мәдени көпшілік іс – шара ұйымдастырылды

Ауыл және Мәдениет жобасы аясындаҚазақтың көрнекті ақыны Серік Тұрғынбекұлының құрметіне арналған “Даласын өлеңмен өрнектеген” атты әдеби сазды кеші болды.
Қазақтың қара өлеңін кие тұтқан С. Тұрғынбекұлы – ақын ғана емес, сонымен қатар өмір, табиғат және адам сезімдері туралы терең ойларға толы нағыз лирик. Оның шығармалары туған жеріне деген терең сезім мен сүйіспеншілікке толы қазақ поэзиясының жарқын өкілдерінің бірі әрі шындықты нәзік қабылдаумен және жарқын бейнелермен ерекшеленеді.

Іс шараға – аудандық ардагерлер кеңесінің мүшесі Нұрханов Тойғанбол мен аудан әкімі орынбасары Еренбол Қайырбекұлы және мекеме басшылары арнайы келіп қатысты.

Әдеби-сазды кештің шымылдығы С.Тұрғынбекұлының сөзіне және Б.Хамзиннің әніне жазылған «Торғай қызы» өлеңімен бастау алды, ізінше ауыл кітапханашысы көз тартарлық көрменің алдында ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы әңгімеледі. Жергілікті «Қызғалдақ» ансамблінің сол замандағы естелік суреттерімен қабырғаға керемет стенд ілінген. Торғайлық ақын – жазушылардың суреттері ілінген тақта да сол жерден табылды. Жалпылап келгенде суреттер ілінген тақта, қазақи туындылармен жарақталған көрме әдеби біртұтастықты бейнелегендей болды.

Концерттік бағдарлама басталысымен әр нөмір – С. Тұрғынбекұлының шығармаларының маңыздылығын, оның Қазақстанның қазіргі поэзиясы мен мәдени мұрасына әсерін талқылаумен қатар жүрді. Бұл тұрғыда кеш тек еске алу ғана емес, сонымен қатар ауылдық кітапханашылар мен мәдени ұйымдастырушылардың – идеялар мен тәжірибелермен алмасатын шабыт алаңы болды. Кеш соңында Тойғанбол ағамыз сөз сөйлеп, ақын жайлы бірер ой қозғап, жүрек жарды лебізін білдірді. Аудан әкімінің орынбасары Еренбол Қайырбекұлы да халық алдында өз ыстық-ықыласын білдіріп, бүгінгі кешке ерекше атсалысқан жандарды аудан әкімі Оспанов Шота Сәбитбекұлының алғыс хатымен марапаттады.

«Жалпы «Ауыл және мәдениет» жобасының мақсаты, әуеліде айтылғандай «Үш таған» яғни, бұл жерде мектеп, кітапхана және мәдени клуб. Осы үшеуі бірлесіп жұмыс атқаратын болса, аудан мәдениетіне зор үлесін қосары сөзсіз. Жергілікті ақын жазушыларымыздың өмір жолын, шығармаларын жастарға кеңінен насихаттап, ұрпақтар сабақтастығын нығайтуға себепші болуымыз керек. Бұл жоба осы жылмен ғана шектеліп қалмай, әрі қарай жалғасын таба бермек. «Таза Қазақстан» Жалпыұлттық республикалық экологиялық акциясы аясында жасалып жатқан жұмыстарыңыз да аз емес.

Ауылды ең таза әрі жайлы етуге деген ұмтылыс әр тұрғынның борышы. Бірлесе атқарған жұмыс әрдайым жеңіл болады»,- мәдениет бөлімінің басшысы Жанар Асанханқызы.

Байбатыр АХМЕТБЕКОВ, Суретті түсірген: Марғұлан МҰРАТҰЛЫ

Редактор

Поделиться
Опубликовал
Редактор

Недавние новости

«Лепим и Варим», «The Pitcher», «Lion lounge bar»: 2GIS қолданушылары Қостанай қаласындағы ең үздік қоғамдық тамақтану орындарын анықтады

2GIS ең танымал қалалық компанияларды анықтайтын халықаралық «2GIS сыйлығының» жеңімпаздарын атады. Қостанайда үздіктер 400 мыңнан…

9 часов назад

В с. Владимировка местные активисты и волонтеры ОФ «Жанашыр бол» провели «Чистые игры» и посадили деревья

Мероприятия проходили в рамках республиканской экологической акции «Таза Казахстан». Напомним, что она стартовала по всей…

11 часов назад

Лепим и Варим, The Pitcher, Lion lounge bar: пользователи 2ГИС определили лучшие заведения общепита в Костанае

2ГИС назвал победителей международной «Премии 2ГИС» — проекта, в котором отмечают самые популярные компании города.…

12 часов назад

Чтобы набрать березовый сок в Костанайской области, необходим лесной билет

Об этом сообщил и. о. заместителя руководителя КГУ «Пригородное учреждение лесного хозяйства» управления природных ресурсов…

2 дня назад

This website uses cookies.