Жанкелдин ауданы, Ақкөл ауылының көтерме жолын су жырып кетті

 Қарғын судың әлегі

Аув райы жылып, қар күрт еріді. Соның салдарынан ауыл, ауылдық округ бағытындағы көтерме жолдарды су жырып, жол қатынасына кедергі келтіруде. Мәселен, Ақкө, Шеген ауылының жолдарын су жырып кетті. Бұл жөнінде ауыл тұрғындары, әлеуметтік желі арқылы дабыл қақты.
Былтырғы табиғи апаттан зардап шеккен халық үрейге бой алдырып отыр. Қанша жерден тасқын суға тастүйін дайын болсақта, табиғаттың тосын мінезіне төтеп беру оңайға соқпайтыны белгілі. Сондықтан оған бола, жергілікті билік өкілдерін сынға алу қажеті жоқ сияқты.


“Биыл жылдағыдан қар көп түсті. Оның үстіне күн жылып, қар күрт еріп жатыр. Біз қолымыздан келгенше тосқауыл жасап, сақтық шараларын қамтып жатырмыз. Мұз жару жұмыстарында жасадық. Үнемі қадағалап отырмыз. Өзендегі су деңгейлері де көтеріліп жатыр. Өзен жағалауындағы шаруа қожалықтары қауіпсіз аймаққа көшірілді. Түсінік жұмыстарын жүргізіп келеміз”, — дейді төтенше жағдайғалар бөлімінің мамандары.

Апат айтып келмейді. Жергілікті халық қолдарынан келгенше сақтық шараларына назар аударса, еш қорқыныш болмас еді.

Байбатыр АХМЕТБЕК


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31

Просмотров: 39