Жанкелдин ауданы А.Байтұрсынұлы ауылында шағын наубайхана ашылды

 Халыққа қалтқысыз қызмет істеуде

Ауданнан шалғайда орналасқан Ахмет Байтұрсынұлы ауылында 12 кәсіпкер бар. Бір асхана, бір тігін цехі, одан бөлек шағын дүкендер жұмыс жасайды. Балық шаруашылығыда кеңінен таралған. Аталмыш кәсіп қатарына жақында , жаңа кәсіп түрі қосылды.

Жеке кәсіпкер Гүлімжан Шәріпова мемлекеттен үш миллион теңге грант ұтып, шағын наубайхана ашты. Ауыл орталығындағы бос ғимаратты алып, өз қаражатымен жөндеу жұмыстарын жасап, шағын кәсібін кеңейтті. Қаражатына кәсібіне қажетті құрал жабдықтарын арнайы тапсырыспен Рессей қаласынан алдырған. 3 секциялық пеш, кондицерлік мұздатқыш тағыда сол сияқты қажеттіліктер тапсырыспен келген. Шағын кәсіпорынның осы бір бұйымдарын ауданнан жүз шақырымнан астам Ахмет ауылына жеткізудің өзі оңай болмаған. Енді шағын ауылдың өз наубайханалары бар. Той томалақтарына тәтті торттар мен тоқаштардың түрлеріне тапсырыс беріп жасата алады. Күнделікті сөреде ыстық нан үзілмейді.

«Осының алдында кішігірім грант алғаным бар. Содан “үлкен грантта неге бағымды сынап көрмеске?” деген ой келді.Алланың қалауымен ол гранттыда ұтып алдым. Басында қызығушылықпен бастаған ісім, осындай үлкен отбасылық кәсіпке айналды. Өз ісімді жақсы көріп жасаймын. Бүгінде сұраныс жоғары. Той томалақтар, күнделікті қонақтарға ауыл тұрғындары тапсырыс беріп, тапсырыспен жұмыс жасаймын. Одан бөлек күнделікті ыстық нанда үзілмейді»,-дейді кәсіп иесі.

Нан пісіретін пеш үш қалталы. Біреуімен бір мезгілде жиырма төрт нан дайындауға болады. Бағасыда қол жетімді, 180 теңге. Қазіргі таңда бір адамды жұмыспен қамтып отыр. Әр берілген тапсырысты жақсы көріп жасағаннан, халықтың алғысына бөленіп отыр. Ауылдық жерлерде жаңа кәсіп түрін ашуға мүмкіндік мол.Себебі бәсекелестік аз. Бар болғаны жақсы бизнес жоспар мен қажетті бизнес идея. Ал, мемлекеттен кәсіп бастауға ниетті жандарға түрлі бағдарламалар бар.

Аягөз ФАЗЫЛБЕКҚЫЗЫ


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31

Просмотров: 4