Жангелдин ауданынындағы тұрғындардың өтініштері орындалып жатыр

Еріген қар суға айналып, елді біраз әбігерге салды

Соңғы екі-үш жыл көлемінде болмаған қар жауды. Еруге келгенде екі күнде жоқ болды. Жерге сіңіп үлгірмеген қар суы көтерме жолдарды жырып, жауапты мекемелердің ұйқысын қашырды. Төтенше жағдайдың алдын-алу жұмыстары баяу болғанымен, қар суынан қауіп сейілді. Торғай ауылының тұрғыны, зейнеткер Жеңіс Бекқожин «AMANAT» партиясының қоғамдық қабылдау бөлмесіне қоңырау шалып, «Стройучасток» тұрғындарының атынан өтініш айтқан. Яғни, Торғай ауылының батыс бөлігінде орналасқан шағын ауданның жаяу жүргіншілер жолын қар суы бұзып, тұрғындардың жүріп тұруына кедергі болса керек. Халық қалаулылары зейнеткердің өтінішін жерге тастамай лезде Торғай ауылы әкімдігіне хабарласып, мән-жайды жеткізген.

– Ауыл әкімі Кемеңгер Қарағұл коммуналдық кәсіпорынның техникаларын жұмылдырып, өтпелі жолды қалыпына келтіріп берді. «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы негізінде атқарылған тыңғылықты жұмыстарға дән ризамын. Аудандық мәслихаттың депутаттары Ғабит Сүндетбаев пен Гүлім Ысмағұлға алғысын білдіремін, – дейді зейнеткер.

Байбатыр НИЯЗБЕКҰЛЫ


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31

Просмотров: 9