Жангелдин ауданының Шилі ауылының мектеп оқушысы облыстық байқауда жүлдегер атанды

«Оқы және жең» кітап оқу байқауы

2023 жылы бастау алған облыстық II “Оқы және Жең” кітап оқу онлайн байқауына ауданнан көптеген оқырмандар қатысып бақ сынады. Төрт кезеңнен тұратын байқаудың, үш кезеңінен сүрінбей өткен қатысушылар саны бесеу. Қатысушылар әр кезеңде кітап таңдап, берілген уақыт ішінде оқылған кітап бойынша тест тапсырмаларын орындайды. Нәтижесінде соңғы кезеңге үш кезең бойынша жоғарғы ұпай жинаған қатысушылар қатыса алады. Жоғарыда атап өткендей ауданнан жоғарғы ұпай жинаған бес оқырман іріктеліп, эссе жазу кезеңіне жолдама алды. Атап айтатын болсақ, Аралбай ауылының оқырмандары Әділжан Нысанбаев, Мақпал Нысанбаева, Шилі ауылынан мектеп оқушылары Гүлсезім Мейрамбекқызы , Нұрай Жылқыбай, Айым Жанат. Байқау нәтижесінде, Шилі ауылы кітапханасының тұрақты оқырманы Нұрай Жылқыбай жүлделі 3 орынды жеңіп алды.

Жыл соңында аталған байқаудың қатысушыларына арналған салтанатты жиын өтті. Аталмыш шарада Нұрай Жылқыбай арнайы дипломмен марапатталып , 50 мың теңгелік сертификатты иеленді.Сондай-ақ, Шилі ауылының кітапханашысы А. Деріпсалы мен пән жетекшісі Е.Қуанышбай облыс әкімінің орынбасары Ринат Закиұлының арнайы Алғыс хатын иеленді. Қатысушы оқырмандарға ОӘҒК басшысы Сәния Серікқызының арнайы сертификаттары табысталды.Бұл, аудан үшін үлкен жетістік.

Айта кету керек, байқау әр жас ерекшелігі бойынша өтеді. Сонымен қатар III облыстық “Оқы және жең” онлайн байқауына дайындық жұмыстары жүргізілуде. Ақпан айының бірінші жұлдызы байқау басталатын болады. Байқауға қатысып бақ сынап , ақшалай сыйақыға ие болыңыз!

Аягөз ФАЗЫЛБЕКҚЫЗЫ

Редактор

Поделиться
Опубликовал
Редактор

Недавние новости

В субботу, 5 апреля, пройдет главный областной субботник

Аким области призвал всех жителей региона присоединиться к работам по благоустройству своих населенных пунктов. (далее…)

1 минута назад

ВАЖНО! Что нельзя в этом году покупать за счет бюджетных средств?

Об этом на аппаратном совещании всех подчиненных пердупредил аким области Кумар Аксакалов. (далее…)

15 минут назад

Стамбул, Вьетнам и Грузия: аэропорт Костаная договаривается о новых рейсах

Об этом было сказано на аппаратном совещании акима области. (далее…)

1 час назад

В трех селах Денисовского района появится сотовая связь

Для улучшения мобильной связи и доступа к интернету в сельских населенных пунктах Костанайской области выделены…

2 часа назад