Жангелдин ауданының шаруа қожалығы мемлекеттік наградамен марапатталды

Мемлекет  басшысының өз қолынан алды

Күні кеше  Ақорда  төрінде  Мемлекет  басшысы   Қасым-Жомарт  Тоқаев   су  тасқыны  кезінде  көмек  көрсетіп,  елге  жәрдемдескен бір  қатар  ел  азаматтарымен  кездесті. Аталмыш  кездесуде  халықтың  бірлігінің  арқасында  тосқынға  тосқауыл  жасап,  елді  аман  алып  қалғанымызды   тілге  тиек  етті. Сондай –ақ,  жастардың  жасаған  ерліктерін  ерекше  атап  өтті. Аталмыш  кездесуге  Жанкелдин ауданының  Сарысу  ауылының  тұрғыны  «КХ  Дүйсенбаев» жеке  шаруа  қожалығының  иесі Әсет  Бөлтірікұлы  қатысып,  президент  қолынан  «Шапағат» медалін  алды.

«Мемлекет  басшысымен кездесіп,  осындай марапат алу мен  үшін  үлкен  мәртебе. Алдымен  осы  марапатқа  лайықты  деп  ұсынған  аудан  басшылығына  ризашылығымды  жеткізгім келеді.Елде  төтенше  жағдай  орын алғанда  ел  перзенттері  жұдырықтай  жұмылып  күні  түні  қызмет жасады. Мен  үшін  туған  жеріме  қызмет  көрсету  перзенттік  борышым  деп  білемін»-дейді  Әсет  Дүйсенбаев.

Айта  кету керек,  Әсет  Бөлтірік ұлы  тасқын  су кезінде  өзінің  техникаларын  жұмылдырып аянбай  қызмет  жасаған азаматтардың  бірі. Айтып  келмейтін апатта  күшіміз  бірлікте  екенін  тағы  бір  мәрте  дәләлдедік.  Алыстағылар қаржылай  көмек  көрсетсе,  ауыл  азаматтары  техникаларын  жұмылдырып  тасқынға  тосқауыл  болды. Халықтың  арасынан  еріктілер  жасағы  құрылып,  қап  қап құммен тосқын  судың  елді  шайып  өтпеуі  үшін  үлкен  күш  жұмсалды.  Елім  деген  жанашыр  азаматтардың  еңбегі  еленіп  жатса,  елдің  де  мерейі  үстем  болмақ.

Аягөз ФАЗЫЛБЕКҚЫЗЫ

Редактор

Поделиться
Опубликовал
Редактор

Недавние новости

«Лепим и Варим», «The Pitcher», «Lion lounge bar»: 2GIS қолданушылары Қостанай қаласындағы ең үздік қоғамдық тамақтану орындарын анықтады

2GIS ең танымал қалалық компанияларды анықтайтын халықаралық «2GIS сыйлығының» жеңімпаздарын атады. Қостанайда үздіктер 400 мыңнан…

5 часов назад

В с. Владимировка местные активисты и волонтеры ОФ «Жанашыр бол» провели «Чистые игры» и посадили деревья

Мероприятия проходили в рамках республиканской экологической акции «Таза Казахстан». Напомним, что она стартовала по всей…

8 часов назад

Лепим и Варим, The Pitcher, Lion lounge bar: пользователи 2ГИС определили лучшие заведения общепита в Костанае

2ГИС назвал победителей международной «Премии 2ГИС» — проекта, в котором отмечают самые популярные компании города.…

8 часов назад

Чтобы набрать березовый сок в Костанайской области, необходим лесной билет

Об этом сообщил и. о. заместителя руководителя КГУ «Пригородное учреждение лесного хозяйства» управления природных ресурсов…

1 день назад

This website uses cookies.