Жангелдин ауданының полиция өкілдері үгіт – насихат жұмыстарын жүргізуде

Технология дамыған заманда алаяқтардың саны көбейді.

Интернет алаяқтары талай адамдардың атынан несие әзірлеп, сан соқтырып жүр. Әр түрлі нөмірмен ұялы телефоныңызға қоңырау шалып, «Сіздің атыңыздан бір жақыныңыз несие рәсімдеп жатыр. Сіз содан хабардарсыз ба?» деп ұзақ әңгімеге тартып, ұзақ сөйлесу арқылы сіз жайлы барлық ақпараттарды біліп алады. Интернет алаяқтарына алданып, қапы қалған адамдар қаншама.

Біздің аудан бойынша осы факты бойынша екі іс тіркелген. Тергеу жұмыстары жалғасуда. Жыл басынан бері аудандық полиция қызметкерлері мен учаскелік инспекторлары ауыл, ауылдық окугтерді аралап, түсінік жұмыстарын жүргізуде. Соның айғағы ретінде жуырда Қызбел ауылдық округінің учаскелік инспекторы Асылбек Оспанов, үйлерді аралап, жергілікті тұрғындарға «Интернет алаяқтарының» алдауынан сақ болуларын ескертіп, жадынамалар таратты.

«Қазіргі таңда әлеуметтік желі арқылы табыс табатындардың саны артып келеді. Олардың арасында бас пайдасын ғана ойлайтын алаяқтар да бар. Сондықтан қолдан келгенше әлеуметтік желі арқылы тапсырыс бермеген дұрыс. Біз қазіргі уақытта облыстық полиция басқармасының тапсырмасымен, елді мекендерді аралап, түсінік жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Әзірге, Қызбел ауылдық округінде алаяқтарды арбауына алданып қалған адамдар жоқ. Десекте, абай болған жөн. Бізде қолымыздан келгенше интернет алаяқтарының алдын алу жолдарына қарастырып, тосқауыл болу бағытына қадам басып келеміз. Енді қарап отырсаңыз олар жаңа әдіске көшкен. Яғни, «Менің баламның хал – жағдайы мүшкіл.

Шетелге апарып емдету үшін осынша қаржы керек. Алла разылығы үшін көмектесіңіздерші» деп соңында каспи голд немесе 16 таңбалы картаның нөмірін жазып қояды. Олардан айла артылмайды. Бопсалаушылардың телефон бойынша талаптарын орындамаңыз. Ал, егер Сіз интернет-алаяқтардың құрбаны болсаңыз ең жақын полиция бөліміне немесе 102 телефоны арқылы дереу жүгініңіз деп кеңесе береді», – учаскелік инспектор.

Мемлекет басшысы 2021 жылы Қазақстан халқына Жолдауында алаяқтыққа, соның ішінде қаржы пирамидалары мен интернет алаяқтығына қатысты құқық қорғау органдарына кешенді әрі нақты шараларды әзірлеуді тапсырған болатын. Себебі, Қазақстанда қазір интернет алаяқтығына тыйым болмай тұр. Технологияның тілін мықты меңгерген әккілердің құрығы ұзарып, алдап-арбау әдіс-тәсілдері күн санап мың құбылуда. Абайсыздыққа жолығып, білместікке ұрынып қалмаңыздар.

Байбатыр АХМЕТБЕКОВ

Редактор

Поделиться
Опубликовал
Редактор

Недавние новости

В селе Айдарлы Карасуского района огонь уничтожил историческое здание

В одном из строений периода развитого социализма произошёл пожар. (далее…)

8 часов назад

У Узункольских спасателей новое оборудование

Коллектив отдела по чрезвычайным ситуациям Узункольского района получил новый оперативно-легковой автомобиль марки «TOYOTA HILUX», предназначенный…

13 часов назад

Почему в аэропорту Костаная до сих пор не работает телескопический трап?

Оказалось, что субподрядчик не отдаёт ключи от него… , об этом пишет "ТоболИнфо" (далее…)

14 часов назад

Корреспонденты «НК» побывали в Белозерском сельском округе

Один из самых удаленных округов Костанайского района расположен в 52 километрах от областного центра. В…

1 день назад

Гостившего три года назад в Аулиеколе блогера арестовали в Алматы

Дамира Кушеева и еще одного блогера подозревают в вымогательстве. (далее…)

1 день назад

This website uses cookies.