Жангелдин ауданының ардагерлері ән шырқады

“Қарты белдің қазынасы бар”деген

Бүгін аудандық мәдениет үйінде ардагерлер әуелетіп ән салды. Ардақты ардагерлер тек қана ән айту өнерімен шектелмеген. Тоқыма өнерін дәріптеген аналар қолөнер туындыларына көрме ұйымдастырды.

Бұл тамаша әнге толы кеш “Ұлыстың ұлы күні” мерекесіне бағытталған. Сонымен қатар, “Ұлттық киім” күні осы шараға себепші болды.
Аудан өңіріндегі әр салада абыройлы қызмет істеген ардагерлер “Өнерлі ардагерлер — ел өрісі” атты кештің шырайын келтіріп, сахнаның сәні болды.
Ардагер ата — әжелеріміз жастық шақтарына саяхат жасап, көңілді әндердің көркін қыздырды. Халық әндері көптеп шырқалған әуезді кеште
жерлесіміз, халық ақыны Нұрхан Ахметбековтың айтыс өнеріндегі әзіл шыны аралас жыр жолдарын немересі Тойғанбол Нұрханов нақышына келтіріп оқыды.

“AMAHAT” партиясы Жангелдин аудандық филиалының төрағасы Ғабит Сүндетбаев Наурыз мейрамымен құттықтады.
“Амал күнінен бастау алған наурызнама 10 күндік мәдени шара жалғасын тауып келеді. Баршаңызға жақсы көңіл күй тілеймін. Ел аман жұрт тыныш болсын”, — деді Ғабит Көдебайұлы.

Осылайша аудан ардагерлері елдің мерейін көтеріп, рухани демалыс сыйлады.

Байбатыр АХМЕТБЕКОВ.


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31

Просмотров: 8