Жангелдин ауданының 9 жасар тұрғыны әулиекөлдіктерге жинап жүрген ақшасын аударды

Әулиекөл ауданына қарасты Аманқарағай ауылындағы алапат өрттің салдарынан жапа шеккен жандарға әлеуметтік көмек әр тараптан келіп жатты

Ешкім бей – жәй қарап қалған жоқ. Ел болып бірлік танытып, қолдарынан келгенше жәрдемдесті. Осы орайда Жаркөл ауылдық округі, Тәуіш ауылының кішкентай тұрғыны, Қаратүбек жалпы білім беретін мектебінің 3 сынып оқушысы Мұхтар Мүсір көпке үлгі болатын қайырымды іс жасады. Ол өзі жинап жүрген тиын салғыштағы (копилка) барлық ақшасын алып, ауыл әкімшілігіне барады. Сол жердегі билік өкілдеріне тиын мен қағаз ақшасын беріп, әулиекөлдіктердің есеп шотына көмек ретінде аударыңыздар, менің де қосқан үлесім болсын деп ерлік танытқан. 9 жасар баладан мұндай ерлік күтпеген әкімшілік қызметкерлері Мұхтар Темірханұлының қайырымды ісіне тәнті болған. Олар сол арада аудандық білім бөліміне және жергілікті мектеп басшылығына қоңырау шалып, тосын жаңалықты хабарлаған. Қаратүбек жалпы білім беретін мектебінің директоры Ғабдымәжит Ғазезұлы мектеп мұғалімдері мен оқушылардың басын қосып жиын өткізіп, Мұхтардың жасаған қайрымыды ісін паш етті. Көпшіліктің алдында марапаттап, естелік сыйлық тапсырды. Артынша, аудандық білім бөлімі басшысының міндетін атқарушы Абай Қасым аудан орталығына шақырып алып, елдің атынан алғысын білдірді. Алғыс хат тасырып, сый-сияпат жасады. Балиғат жасқа толмаған баладан қайырымдылықтың үлгісін алып, көпшіл, кең пейіл болған дұрыс.

– Біз Мұхтардың дәл осындай ерлігіне сүйсіндік. Бала болса да елде болып жатқан қайырымдылық шараларға өз үлесін қосып отыр. Жалпы, мектепте де үлгілі оқушы. Тіл алғыш, үлкенді құрметтеуге келгенде алдына жан салмайды. Кішіпейіл, қолынан келгенше жәрдемдесуге құлшынып тұрады. Ата- анасынан алған тағылымды тәлім тәрбиесі деп білеміз,- дейді мектеп әкімшілігі.

                                                   Байбатыр АХМЕТБЕКОВ

Редактор

Поделиться
Опубликовал
Редактор

Недавние новости

В Костанае торжественно отпраздновали День Победы (ФОТО)

Тысячи костанайцев собрались в парке Победы, чтобы почтить память тех, кто отдал жизни за Родину.…

4 часа назад

Легкоатлетический пробег «Память» в Костанае собрал свыше 450 участников

Традиционное мероприятие приурочено ко Дню Победы. Об этом пишет "Наш Костанай" (далее…)

4 часа назад

В Камыстинском районе жители села Арка привели в порядок памятник участникам ВОВ

Мероприятие прошло в преддверии 80-летия Великой Победы. Инициатором и спонсором работ выступила местный предприниматель, руководитель женского…

13 часов назад

Незаурядным способом коллектив карасуской школы проявил уважение к военной славе сограждан и земляков

В рамках проекта «Музейная педагогика», который активно реализуется в школе им. Абая с 2017 года,…

15 часов назад