Кешегі 90-жылдары ел үдере көшіп, қиын кезеңдерді бастан кешті
Жекешелендіру уақытында біраз адамдар жұмыссыз қалды. Ал, пысықайлар ебін тауып, жалақыларының есебінен техникалар мен иесіз қалған ғимараттарды өздерінің меншіктеріне жекешелендіріп алды. Енді бірі мал бағумен айналысып, «Бозайғыр», «Қошалақ» елді мекендеріне тұрақтады. Аудан орталығындағы тұрғылықты халық шарасыздан сауда – саттыққа бет бұрды. Қыстың сары аязына домығып, жаздың аптаған ыстығына күйіп, көше базарларында пісте сатып отырған аналарымызды көзіміз көрді. Алматыдан ала сумкамен зат тасып, кәсіпке бейімделген әйелдер қауымы бала – шаға мен отбасының қамы үшін табандарын тоздырды. Сол еңбек сүйгіш жандардың бірі Гүлсім Сейтенова еді. 29 жыл сауда саласымен айналысып, кәсібінен нәсіп тауып отырған ана.
– Қиындыққа толы өтпелі күндерді көзбен көрдік. Тіпті аудан тұрғындары бір – бірінен шелектеп ұн тасып жүрген кездер де болды. Ішерге тамақ, киерге киім таппай отырған отбасылар қаншама еді. Жоқшылық пен қымбатшылыққа тап болған елдің бірден оңалып кетуі оңайға соқпады. Жолдасым Серік екеуміз қалайда- олай тығырықтан шығудың жолын іздедік. Бір мәмілеге келіп, сауда – саттықпен айналысуға бел будық. Ала сумканы арқалып, Алматы қаласынан киім тасыдық. Арасында азық – түлік сатуды да қолға алдық. Жасыратыны жоқ бас кезінде екі – үш жыл қатты қиналдық. Артынша, оғанда ет үйреніп, тиыннан теңге құрап, ел қатарына қосылдық. Қазір Аллаға шүкір сол тынымсыз еңбектің арқасында балаларымызды жеткіздік. Қолдан келгенше оқыттық. «Қызды қияға, ұлды ұяға қондырдық». Жеке кәсіпкер атанып, елге де өзімізге де қызмет жасап жатқан жайымыз бар. Кәсіпкерлерге мемлекет тарапынан қолдау көп болды. 2018 жылы «Дәмді» отбасылық дәмханасын аштық. Адам жаны түршігерлік қиын уақыттарды кейінгі ұрпақтың басын бермесін деп тілеймін. Ең бастысы адамға төзімділік пен сабыр және қанағат керек. Сонда ғана алдағы мақсаттарға жетесің, – дейді жеке кәсіпкер Гүлсім Төлеуқызы.
Расында, мол табыстың көзін кәсіптен іздеген ләзім. Алаштың ұлы көсемі А.Байтұрсынұлы: «Білімді болуға оқу керек. Бай болуға кәсіп керек. Күшті болуға бірлік керек. Осы керектің жолында жұмыс істеу керек», – деп бекер айтпағанын ұғынымыз дұрыс шешім.
Байбатыр НИЯЗБЕКҰЛЫ
Крупный трофей Михаилу Кравченко удалось вытащить на озере в селе Диевка. (далее…)
Практически половину своей жизни Евгений Арбузов посвятил сварочному делу, которое стало для него не просто…
Татьяна Зайцева – пример заботливой и трудолюбивой мамы. (далее…)
Женщина, инвестировавшая 21 млн тенге, узнала от полиции, что она стала частью мошеннической схемы. (далее…)
"Приказом ГУ «Управление здравоохранения акимата Костанайской области» от 22 января 2025 года Альмагамбетов Куат Райханович…
Алда ауқымды жұмыстар бар (далее…)
This website uses cookies.