Жангелдин ауданындағы Тәуіш ауылының тұрғындарына көмек берілді

 Торғай өңірінде тасқын судан зардап шеккен Тәуіш ауылының халқы күні бүгінге дейін тыным таппай жатыр.

«Қоңыраулы» өзенінен құйып жатқан судың қарқыны өте қатты. Тілсіз жаумен арпалысып жатқан ауыл тұрғындары көмекке зәру. Торғай-Арқалық бағытындағы тас жолды үш жерден жырып кеткен. Қосымша күш біріктіру үшін аудан орталығынан коммуналдық кәсіпорынның техникалары жұмылдырылды. Тосыннан келген тасқын судан қарапайым халық зардап шекпесе болғаны.

Алғашқы келген тасқын судан 42 отбасы яғни 364 адам зардап шекті. Үйлерін су басып, панасыз қалды. Жуырда «BIZ BIRGEMIZ QAZAQSTAN» қоғамдық қоры арқылы 18 отбасыға бір-бір киіз үйден берілді. Сондай-ақ, гуманитарлық көмектен келген азық-түлік үлестірілді. Ал, 10 отбасы уақытша ауыл орталығында бос тұрған үйлерге орналастырылды.

-Тұрғындардың талап тілектерін орындау міндетіміз. Қазіргі таңда жан-жақтан гуманитарлық көмектер келіп жатыр. Астана қаласында тұратын жерлестеріміз қолдау көрсетті. Осындай кезде бас бірлігіміздің қажеттілігі туындайды. Торғай өңіріне Шымкент қаласынанда көмек болды. Танымал блогерлер келіп, халықтың жағдайымен танысты. Парламент Мәжілісінің депутаттарыда елмен бірге болып, табиғи апаттың куәсі болды. Бірлік бар жерде тірлік бар. Мейлінше, сабырлық танытқан ауыл халқына ризамыз. Шыққан шығын орны толады. Мемлекетпен жергілікті әкімшіліктен қолдау көрсетіледі деп сенеміз, – дейді ауыл әкімшілігінің өкілдері.

Қазақстанға танымал блогер Жансерік Қадырбаевтың бастамасымен елге көмек келе жатыр. Ел жанашырына айналған блогердің оқырмандары қолдау білдіріп, Торғай халқы үшін 44 млн теңге қаржы жинап берген. Оның сыртында ұлт ұстазы А.Байтұрсынұлы ауылына жаңа ГАЗель автокөлігін алып берді. Біздің елдің блогерлері биілкпен арпалысқанша, осындай игі істердің жаршысы болса, елдің еңсесі көтеріліп қалатын еді.

Байбатыр АХМЕТБЕКОВ


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31

Просмотров: 8