Жангелдин ауданындағы су тасқыны саябырлады

Билік пен халықтың көңілі жайланды

Табиғат апатынан аман қалған торғайлықтар Аллаға шүкіршілік айтып отыр. Тасқын суға тосқауыл болған билік пен халықтың еңбегі орасан зор. Күндіз түні тыным таппай қарқыны қатты суға қарсы тұрған жергілікті тұрғындар ерлікпен пара – пар еңбек жасады. Жұмылып жұмыс жасаған ел азаматтары қандай атақ болса да, қандай марапат болса да әбден лайықты. Су басқан ауылдар мен елді мекендерге барып, тасқын суды тобықтан кешіп, судың ызғарын сезбей, ел үшін ерлікке барды.

«Біздің елдің жігіттері көп еңбек жасады. Қалжырап шарсада сыр бермей, әрбір ауылды аман сақтап қалу үшін соңына дейін шыдап бақты. Тынымсыз еңбектерінің арқасында ауылдарды аман сақтап қалды. Жергілікті биліктің қолдауымен қосымша техникалар жұмылдырылды. Сусоратын мотопомкаларды қызмет қылуға жарады. Ерен еңбектің үлгісін көрсетті. Ел десе етжүректері елжіреп тұратын азаматтарымыз аман болсын», – дейді аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы Темірлан Досмағанбетов.

Қысылғанға көмек қолын созған азаматтарда көп болды. Астана, Қостанай, Арқалық, Амангелді өңірінен гуманитарлық көмектер келді. Барлық қажетті заттарды және азық – түлікті уақытылы жеткізіп беріп отырды. Жұдырықтай жұмылып, бірлігі мен ынтымағы жарасқан ел осындай болу керек.

Байбатыр АХМЕТБЕКОВ


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31

Просмотров: 4