Жангелдин ауданындағы медицина саласының майталманы

Саналы ғұмырын медицинаға арнаған азамат

Қостанай қаласында медицина қызметкерлері күні мерекесі қарсаңында облыс әкімі Құмар Ақсақаловтың қатысуымен мерекелік жиын өтті.
Аталмыш жиында «Жангелдин орталық аудандық ауруханасының» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының педиатр, неонатолог, жалпы практик дәрігері Бекмұрат Жүсіпбеков қатысып, облыс әкімінен марапат алды. Аталмыш салада 41 жыл еңбек етіп, құрметті демалысына шыққалы жатырған сала майталманы, Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау министірлігінің «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгісімен наградталды.
«Менің мамандығым педиатрия. 1983 жылы алғашқы еңбек жолымды Шилі селолық участкелік ауруханасынан бастадым.

1986-1995 жылдары Ақшығанақ селолық участкелік аурухана бас дәрігері болдым. 1995-1999 жылдары Жангелдин аудандық ауруханасының бас дәрігерінің орынбасары, реанимация бөлімшесінің реаниматолог қызметінде істедім. 2001-2007 жылдары Жангелдин аудандық ауруханасының педиатр дәрігері лауазымын абыройлы атқардым. 2007 жылдан бастап Жангелдин аудандық орталық ауруханасының педиатр, неонатолог, жалпы практик дәрігері болып қызмет жасап, күні кеше құметті демалысына шықтым. Адал еңбегім үшін, бір неше мәрте облыс әкімінің, аудан әкімінің құрмет грамотасы мен алғыс хаттарымен марапатталдым. Сондай-ақ, 2018 жылы Қазақстан Республикасының кәсіподақ федерациясының «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» төс белгісімен, 2020 жылы «SENIM» саулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы Республикалық қоғамдық бірлестігінің үздігі» төс белісінің иегері атандым», – дейді марапат иесі.

Аталмыш марапатқа Бекмұрат Абдрахманұлы әбден лайықты. Көп жылғы жасалған еңбектің жемісті нәтижесі. Жұбайы Жаңылсын Жүсіпбекова аудандық ауруханада көп жылдар медбике болып қызмет істеді. Қазіргі таңда ардагер қызметкер, зейнетте. Отбасында екі ұл бір қыз тәрбиелеп өсірген аяулы жандар, бүгінде 10 немеренің ардақты ата-әжесіне айналды.

Аягөз ФАЗЫЛБЕКҚЫЗЫ

Редактор

Поделиться
Опубликовал
Редактор

Недавние новости

Аулиекольские артисты поблагодарили земляков за поддержку

Ценным подарком в преддверии Дня благодарности стал праздничный концерт в честь сподвижников. (далее…)

15 часов назад

Қамыстылық алты әкім біліктілігін арттыруда

Өңірлерде жергілікті тұрғындар сайлаған әкімдердің 60 пайызы бұрын мемлекеттік қызметте жұмыс істемеген. (далее…)

1 день назад

150 аулиекольцев состязались за медали по лыжным гонкам

Районные зимние соревнования прошли в рамках I зимней областной спартакиады. (далее…)

2 дня назад

Мендыкаринский морг возобновил свою деятельность благодаря частному бизнесу

Все услуги, которые оказывал морг, теперь будет осуществлять индивидуальный предприниматель Владимир Крукович. (далее…)

3 дня назад

This website uses cookies.