Жангелдин ауданында Токин көшесінің тұрғындары бас қосты

14 наурыз “Көрісу күні” Токин көшесінің тұрғындары “Дәмді” отбасылық дәмханасында бас қосты

Олар бір-бірлеріне құтты болсын айтып, құшақтарын айқара ашып, бір көшенің емес бір отбасындай тату тәтті болғандары үшін алғыс білдірді.

– Біз бір көшенің тұрғындарымыз. Әлімсақтан ата- бабаларымыз көршісін Құдайындай сыйлаған. Сол дәстүрді бізде жалғастырып, етене жақын араласып келеміз. Қуанышымызды бірге бөлісіп, бел ортасында жүреміз. Бір қасық тұз сұраса, бір кесе бал берген көршінің үрдісі арамыздан үзілген жоқ. Абысынды келіндей емес, апалы-сіңілідей бауыр басып, кеңесіп отырамыз. Балаларымызда тату. Мәселе алған мен бергенде тұрған жоқ. Ең бастысы сыйластық, түсіністі, кіші пейілділік ортамызда бар. Көршілеріміз үшін намазымызды бұзуға да әзірміз. Қамышының сабындай қысқа ғұмырда сыйласып өткенге не жетеді, – дейді Токин көшесінің тұрғындары.

Бірлігі жарасқан тұрғындар Наурыз мейрамына дайындық жұмыстарын бастау үшін ақылдасып, өзара кеңес құрды. Өнегелері үлгі болатын көршілердің қатары көбейіп, аралары ажырамаса екен.

Байбатыр АХМЕТБЕКОВ


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31

Просмотров: 4