Кеңес Одағының батыры, халық қаһарманы Бауыржан Момышұлы «Тәртіпке бағынған құл болмайды» деп бекер айтпаса керек-ті
Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына жеткен уақытта мемлекетіміз дүрбелең кезеңге тап болды. Маңғыстау облысынан бастау алған бейбітшілік шерудің соңы Алматы қаласында арандатушылардың кесірінен террористік қақтығысқа жалғасып кетті. Бүтін елдің ішінен шыққан бүліктің салдарынан жазықсыз адамдар қаза тауып, көптеген нысандарға өртке оранды. Мемлекетімізге миллардтаған шығындар келтірді. Осыған орай Мемлекет басшысы Қасым – Жомарт Тоқаев жедел штап отырысын өткізді. Ел ішіндегі дүрбелең қалыпқа келгенше Төтенше жағдай жариялады. 5-19 қаңтар аралығында түнгі сағат 23:00 ден таңғы сағат 07:00 ге дейін «Коменданттық сағат» режимін бекітті. Жангелдин ауданы бойынша батыс өңіріне «Бақылау бекеті» қойылып, жергілікті полиция өкілдері жіті қадағалап отыр.
Коменданттық тәртіпке бағынбай, беймезгіл уақытта көшеде жүрген 5 адамды полиция өкілдері ұстаған. Оның екеуі кәмлет жасқа толмаған жасөспірімдер.
– Коменданттық сағат жарияланған уақытқа қарамай көшеде жүрген бес адамды құрықтадық. Төтенше жағдай кезінде бекітілген заң аясында шара қолдану үшін құжаттар толтырдық. 1 адамға ескерту беріп, 1 адам бір тәулікке қамаққа алдынды. Қалған үш адамның құжаттарын толтырып, сотқа жолдадық. Олардың тағдырын енді сот шешеді. Белгілі тәулікпен қамаққа алынуы мүмкін немесе айыппұл төлеуі ықтимал. Сондақтан аудан тұрғындарына айтарым, тәртіпке бағынып, шекті уақытта көшеде жүрмеулеріңізді сұраймын, – дейді полиция бөлімшесінің бастығы Ермек Оразбаев.
Байбатыр НИЯЗБЕКҰЛЫ
Информация распространяется в социальных сетях. Ее достоверность подтвердили в полиции, сообщает "ТоболИнфо". (далее…)
Что было сделано и что планируется впереди, в материале «НК» (далее…)
Мероприятие прошло впервые после пандемии коронавируса, последний раз руководство района его проводило в 2019 году.…
Қамысты ауданының әкімдігінің жоспарына сәйкес, алдағы жылдары ауыз сумен жабдықтау жүйесін одан әрі жақсартуды көзделген.…
Арқа ауылының кітапханашысы Галина Қабылова (далее…)
В арсенале ПЧ-15 села Аулиеколь теперь есть «Toyota Hilux» и вездеход «Трэкол». (далее…)
This website uses cookies.