Жангелдин ауданында су басу қауіпі бар, ауылдар қардан тазармаған

Күні кеше Қостанай облысы Төтенше жағдайлар басқармасы бастығының орынбасары, полковник Ж.Кәрімбаев, Қостанай облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы азаматтық қорғау подполковнигі М.Нұрғалиев, Қостанай облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бас маманы азаматтық қорғау подполковнигі А.Рябуха көктемгі су тасқынының алдын алу мақсатында дайындық барысымен танысу үшін Жангелдин ауданына келді.

Олар ауданға қарасты бірқатар ауыл, ауылдық округтерді аралап, сын – ескертпелер жасап, арнайы хаттамалар толтырды. Мәселен, Саға, Тәуіш, Көкалат ауылдарының орталықтары қардан тазармаған. Ауыл орталығын былай қойғанда ауыл әкімшілігі мен мектеп ғимараттары қар құрсауында тұр. Облыстық басқарма басшыларының алдында түрлі сылтау айтқан ауыл әкімдері ақталуға тырысқанмен негізсіз сылтау себепші бола алмады. Ауыл көшелері мен әкімшілік ғимараттардың ауласын қардан тазалауға қаржы бөлінген. Десекте, ауыл әкімдері азғантай қаржыны мақсатты әрі уақытылы игере алмай отырған сынайлы. Қызбел ауылдық округінің әкімі Қайсар Нұрғазинның айтуынша, қар шығаруға қаржы бөлінбеген екен.

-22 наурыздан кейін техникалары бар шаруа қожалықтарына қолқа салып, үйме қарларды тазалаймыз, – деді.

Тәуіш ауылының әкіміне хабарласып, осы мән – жайды анықтап, сөзге тарттық.

-Биылғы қар тазалау жұмыстарына 1 млн теңге қаржы бөлінді. Сарысу ауылының тұрғыны, «Дүйсенбаев» шаруа қожалық жетекшісі Әсет Дүйсенбаев ауыл ішіндегі жолдарды қардан тазалау үшін 80 мың теңгесін конкурс арқылы ұтып алды. Қазіргі таңда мойынына алған жұмысын тыңғылықты атқарып жатыр. Шындығы керек, мектеп ауласындағы қарды тазалау үшін үлкен техника қоршаудан өтіп кіре алмайды. Ауладағы азын-аулақ қар, су басу қаупін төндірмейді деп ойлаймын. Біз ауылда атқарылып жатқан жұмыстардың барлығын ауыл әкімшілігінің әлеуметтік желісіне үнемі салып отырамыз, – дейді Жаркөл ауылдық округінің әкімі Бақыт Төлебаев.

Албарбөгет ауылдық округінің әкімі Бөлтірік Бектұрғанов қар тазалау жұмыстарына қаржы бөлінбегендігін алға тартты. Ауыл орталығын және елді мекендерді су басу қаупі жоқ екен. Көктемгі су тасқынының алдын алу үшін жұмыстар жүргізіліп жатқандығын тілге тиек етті. Қысқасы, қандай жағдай болса да сақадай сай екендігін айтты.

Биыл қар аз жауғаны рас. Бірақ, желтоқсан айына дейін жауған жауын-шашын бір метрдей тереңдікке сіңіп, тоң болып қатты. Егер көктемгі тасқын судың қарқыны қатты болса, өзен-көлге жақын шағын ауылдарды су басуы ықтимал. Біздің бұл сөзімізді жергілікті төтенше жағдайлар бөлімі де растап отыр.

Байбатыр АХМЕТБЕКОВ

Редактор

Поделиться
Опубликовал
Редактор

Недавние новости

Разрушенный во время паводка мост на трассе Аулиеколь-Жолдама будет восстановлен только к 1 ноября

Люди опасаются, что этой весной стихия нанесет новый удар, то есть до окончания реконструкции, пишет…

8 часов назад

Денисов ауданында ауыл мұғалімі жасанды интеллектіні шебер қолдануда

Жасанды интеллектінің қыр­сырын меңгерген ұстаз Степан Галкин Денисов ауданындағы Гришен ауылында тұрады. (далее…)

8 часов назад

На рыбалку с семьей: Аулиекольский рыбак поделился эмоциями от совместного хобби с родными

Крупный трофей Михаилу Кравченко удалось вытащить на озере в селе Диевка. (далее…)

10 часов назад

Династией по сварочному делу можно назвать семью Евгения Арбузова из Мендыкары

Практически половину своей жизни Евгений Арбузов посвятил сварочному делу, которое стало для него не просто…

11 часов назад

Жительница Костаная стала жертвой мошенников, вложив 21 млн тенге в фальшивую платформу

Женщина, инвестировавшая 21 млн тенге, узнала от полиции, что она стала частью мошеннической схемы. (далее…)

14 часов назад

This website uses cookies.