Технология дамыған заманда өнер тапқыштардың қатары көбейіп келеді
Әлеуметтік желіні пайдаланатын жасөспірімдердің тосын жаңалық ашуға құштарлары оянғандай. Мәселен, Жангелдин ауданына қарасты Ы.Алтынсарин атындағы жалпы білім беретін мектебінің оқушылары қалдықтарды қоқысқа тастамай қажетті дүниелерді жасауға тырысқан. “Өзін- өзі басқару” ұйымының экология және еңбек фракциясының министрі Мәдина Қайраттың бастамасымен “Еңбегі адал жас өрен” жлобасы аясында “Қалдықтарды табысқа айналдырайық” атты ауқымды іс – шара өтті.
Мектеп оқушылары қалдықтарды табыс көзіне айналдыруға болатынын сезінді.
– Біз өзара ақылдаса келіп, қалдықтарды іске жаратуды қолға алдық. Мата қиындыларынан, баклажкалардан, қағаз қораптардан қажетті заттарды жасап шықтық. Қарандаш, қаламсап салып қоятын сауыттар, гүл құмыраларын, ине жіп салатын қобдишалар жасадық. Қалдықтарды іске асыру арқылы туған жеріміздің ластануына жол бермейміз деп ойлаймын. Қалдық заттарды қайта өңдеп, оны табыс көзіне айналдыруға әбден болады. Біздің бастамамызды қолдап, кәсіпкер аға – апаларымыз одан әрі дамытса, тиыннан теңге құрау мүмкіндігіне ие болар еді. Ең бастысы пайда табу емес туған жеріміздің тазалығына, таза ауа мен экологияның бұзылуына жол бермес еді, – дейді “Өзін-өзі басқару ұйымының” ақпарат минстрі Томирис Тойғанбол.
Өнер тапқыш жасөспірімдердің жоспарлы жүзеге асуына тілекшіміз. Әрбір адам қалдықтарды далаға шашпай одан қажетті заттар жасап шығарса, бизнес саласына еркін қадам басуға мүмкіндік мол.
Байбатыр АХМЕТБЕКОВ
Ценным подарком в преддверии Дня благодарности стал праздничный концерт в честь сподвижников. (далее…)
Өңірлерде жергілікті тұрғындар сайлаған әкімдердің 60 пайызы бұрын мемлекеттік қызметте жұмыс істемеген. (далее…)
«Заң және тәртіп» жобасы аясында (далее…)
Районные зимние соревнования прошли в рамках I зимней областной спартакиады. (далее…)
Тозығы жеткен мектеп (далее…)
Все услуги, которые оказывал морг, теперь будет осуществлять индивидуальный предприниматель Владимир Крукович. (далее…)
This website uses cookies.