Жангелдин ауданында электр қуаты мен мобильді интернет желісі қайта қосылды

Жарықсыз отырған елді мекендер байланысқа шықты.

Бұл жөнінде «Қостанай облысы әкімдігінің ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысы Азамат Кәшиев хабарлады.

-Жангелдин ауданының тұрғындары Шөптікөл қыстағындамыз. “Tele2” ұялы байланыс операторымен бірге аралық станцияны дизель генераторы мен қосымша аккумулятор арқылы іске қостық. Ақкөл, А.Байтұрсынұлы ауылы “Tele2,” Сонымен қатар, Ақшығанақ, Тәуіш, Тентексай ауылдары “Beeline” ұялы байланысымен толық қамтылды. Енді барлық елді мекендегі тұрғындар кез-келген уақытта байланысқа шығып, жақын-жуықтарынан хабар ала алады, – дейді басқарма басшысы Азамат Совхозбайұлы.


Бұған дейін тасқын судың салдарынан 12 ауыл жарықсыз және мобильді байланыссыз қалған болатын. Жергілікті халықтың өтінші бойынша облыстық басқарма басшылары уақытында шешім қабылдап, олардың ұсыныстарын қанағаттандырды. Әлеуметтік желіге шыққан ауылдық ағайын алғыстарын жаудырып, дән ризашылықтарын жеткізді. Су деңгейі төмендеп, қарқыны сейілгесін Торғай-Арқалық бағытындағы тас жол қайта қалыпқа келтірілетін болады. Әзірге жолушылар Тәуіш ауылынан 6 шақырым жерден қайықпен өтіп, үйлеріне келіп жатыр.

Байбатыр АХМЕТБЕКОВ


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31

Просмотров: 6