Жангелдин ауданында босып жүрген иттердің келер қауіп көп

А.Байтұрсынұлы ауылының тұрғыны Сағадат Сұлтанғалиев хабарласып, «Ауыл иттері малды қойып, мектеп жасындағы балаларды талап жатыр» деп дабыл қақты

«Иесі бар ауылдағы иттер байлаусыз көшеде жүреді. Соның кесірінен қорада тұрған қойларды талап, ішек-қарнын ақтарып кетті. Енді ол аздай жақында менің баламды және ауыл тұрғыны Науан Кенжеғұловтың баласын талады. Осы мәселе жөнінде ауыл әкіміне шағымдандық. Ол кісі иттің иелерін сөйлесу үшін әкімшілікке шақырды. Бірақ, әкміді де бізді де пысқырған жоқ. Елдос Әбдікәрімовтың иті менің баламның аяғын тістеп алған. Ауыл медбикесі осы азаматқа ит қапқан екі баланы аудандық ауруханаға апарып, вакцина салдыру керектігін айтты. Бұл мәселе де жабулы қалпында қалды. Ауыл ішінде топтасып жүрген иттерге шара қолданатын арнайы құзырлы орган жоқ па? Немесе иелеріне айыппұл төлету керек. Малдарды талаған иттің иесі Сәтбай Жармағамбетовке ауызша ескерттік, ол кісі келесі күні итін байлап қойды. Балалар таңертең сабаққа барады. Ол кезде білесіздер күн қараңғы. Топтасып босып жүрген иттер айбат шегіп, денсаулықтарына зиян келтірсе, кім жауап береді. Осы мәселені жергілікті билік өкілдері назарға алса екен», – дейді шағымданған ауыл тұрғыны.

Шағымданған ауыл азаматының сөздеріне дәлелді дәйек іздеу мақсатында ауыл тұрғыны Елдос Әбдікәрімовке хабарласып, мән – жайдың анық қанығына көз жеткіздік.

«Менің итім бос жүреді. Осы кезге дейін адам талағанын көргенім жоқ. Ылғи кіре беріс сарайда жатады. Шағымданған азамттың баласы беймезгіл уақытта келіп, есік қақса дала шығатын едік. Ит үрсе бірден үйден шығамыз. Бірақ, сол күні ондай жағдай болған жоқ. Баламның аяғын тістеді деп айтты. Баласын үйге әкеліп, ит тістеген жерді көрсетсе, сенер едім. Ал, ауыл әкімі шақырғанда мен Қостанай қаласына қайтқан әкеміздің қырықкүндік асына барамын деп машина жөндеп жатқанмын. Науан деген азаматтың баласының бетін жырып кеткен. Суретіне қарасам ит талап немесе тырнағанға ұқсамайды. Ауыл медбикесі маған хабарласып аудан орталығына балаларды апарыңыз деп айтқан жоқ. Ауылдың әлеуметтік желісіне жазған екен. Ол кезде Қостанай қаласында едім. Ол кісілер үйіме келіп, ескертіп айтса, болған жағдайды анықтап, ит талағаны рас болса, бір шара қолданатын едім», – деді Елдос Әбдікәрімов.

Ауыл тұрғындарының шағымын ескере отырып, мәселенің мән ісін анықтау үшін ауыл әкімі Нұрсұлтан Байділдинге телефон арқылы хабарластық.

«Ауылда ит көп. Рас ешкім байлап ит асырамайды. Өз еркітерімен босып жүреді. Осыған дейін ауыл тұрғындары «WhatsApp» желісі арқылы иттер малға шауып жатқандығын айтып, талай рет иттің иелеріне ескертті. Осылай бола берсе, түбі адамға да шабады деп шу көерді. Бірақ. Оған құлақ асып жатқан ешкім бола қоймады. Ақыры міне екі баланы талап, жарақаттады. Шағымданған ауыл азаматының арызын алып, аудандық полиция бөлімне жолдадым. Ол жақтан хабар жоқ. Біз өз бетімізбен шара қолданып, иттерді аулай алмаймыз. Сондықтан ит мәселесін құзырлы органдар арқылы ғана шешуге болады», – деді ауыл әкімі.

Қай өңірде болса да қаңғырған иттердің мәселесі шешімін таппай отыр. Босып жүрген иттерді өз бетіңмен аулауға болмайды. Қарастырылған заң аясында ғана шешімін табады. Ит асырып, оған ие бола алмаған иелеріне айыппұл төлетіп, тыныш отыруға болады. Одан не пайда? Егер қабаған иттер адам өміріне қауіп төндіретін болса.

Байбатыр АХМЕТБЕКОВ


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31

Просмотров: 5