Тұсау кесер рәсімі өтті
Ұлыстың Ұлы күні Әз-Наурыз мерекесінің наурызнама тұжырымдамасына орай, аудандық тілдерді оқыту орталығының ұйымдастыруымен «Алғашқы қадам – ұлы жолдың бастауы» тақырыбында тұсаукесер рәсімі өткізілді.
Іс-шараға аудан басшылығы өкілдері және үлгілі отбасы мүшелері қатысты. Қатысушылар қазақ халқының баланың алғашқы қадамын қуанышпен атап өту дәстүрінің маңызын, оның тәрбиелік мәнін және символикалық мазмұнын талқылады. Шара барысында арнайы тұсау кесер рәсімі орындалды.
Сәбидің алғашқы қадамын ырымдап, өмірлік тәжірибесі мол, ұлттық дәстүрді терең түсінетін құрметті тұлға, ардагер ұстаз Қаншайым Ахатқызы кесті. Ол сәбидің болашағына ақ жол тілеп, батасын берді. Шара арнайы жайылған ақдастарханмен жалғасын тауып, қонақтар тілектерін білдіріп, ұлттық дәстүрлер мен олардың қазіргі заманғы көрінісі туралы ойларын ортаға салды.
Мерекелік кеште әуезді ән мен күмбірлеген күй шертіліп, ұлттық тағамдардан дастархан жайылды. Қатысушылар қазақ халқының қастерлі дәстүрлерін сақтаудың маңыздылығын атап өтіп, жас ұрпаққа өнеге боларлық құндылықтарды дәріптеу керектігін баса айтты. Осындай рухани-мәдени шаралар қоғамдағы отбасы институтын нығайтуға, ұрпақтар сабақтастығын тереңдетуге және ұлттық құндылықтарды болашақ ұрпаққа жеткізуге зор үлес қосады.
Аягөз ФАЗЫЛБЕКҚЫЗЫ
Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов Арқалық қаласына жасаған жұмыс сапарында қаладағы бірнеше маңызды құрылыс жобаларының…
Большая часть первых руководителей области, которые отвечают за безопасное прохождение паводка, в эти часы находится…
Противопаводковые мероприятия осуществлены в селе Коктал. (далее…)
В конце 2024 года этот показатель составлял 333 046 тенге, а значит, вырос на 2,5…
Күні кеше Тобыл қаласында «Алтын дән» мәдениет үйінде Наурыз мерекесіне орай «Сахналық жекпе-жек» өнер байқауы…
Арқалық қаласы су басу қаупі бар өңірлерге жатады, сондықтан Қорғаныс министрлігінің арнайы жасағы өңірде белсенді…
This website uses cookies.