Жангелдин ауданында атқарылатын ауқымды жұмыстар бар

Аудан әкімі ауыл, ауылдық округтарды аралап, халық алдында есеп берді

Мемлекет басшысы Қасым – Жомарт Тоқаевтың 2022 жылғы 3 наурыздағы №826 Жарлығына сәйкес, аудан әкімдері тоқсан сайын ауыл, ауылдық округтарды аралап, жергілікті халықтың алдында атқарған жұмыстары жөнінде есеп береді. Осыған орай, аудан әкімі Шота Оспанов белгіленген кестеге сай елді мекендерге барып, «Жангелдин ауданының 2021 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары және алдағы мақсаттар» туралы білдірме жасады.

Жалпы, аудан бойынша 11 мың 649 халықтың 4939 адамы аудан орталығында тұрады. 1047 зейнеткер, 6500 адам экономикалық белсенді халық санатына жатады. Құйылған қаржының басым бөлігі ауылшаруашылығы техникаларын жаңартуға, тұрғын үй құрылысына, шаруа қожалықтарындағы қора-жайларға, инфрақұрылымды дамытуға бағытталған. Жыл ішінде 697 адам жұмыспен қамтылған. Яғни, шағын және орта бизнес субъектілерінде жұмыс жасайды. Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» бағдарламасының бірінші бағыты төңірегінде қысқа мерзімді кәсіптік оқумен тапшы мамандықтар бойынша 8 адам оқытылған. Аталған бағдарлама белсенділік танытқан Шеген, Сужарған, Тәуіш ауылдары. Ал, «Сыбаға», «Еңбек», бағдарламаларының мүмкіндігін пайдаланып, шағын несие алып, асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытып отырған шаруа қожалықтарының қатары жыл санап көбейіп келеді. Ол үшін оларға мемлекет тарапынан субсидия төленіп отыр.

– 2021 жылы ауданда «Жұмыспен қамтудын жол картасы», «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламалары аясында бірнеше нысанда күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Аққөл, Ахмет Байтұрсынұлы, ауылдарындағы сумен жабдықтау жүйесіне қайта жаңғырту жұмыстары жасалды. «Нұрлы жер» бағдарламасы шеңберінде Қалам–Қарасу және Сарысу ауылдары ауыз сумен қамтылды. Шалғай елді мекендерді таза ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында, Бидайық, Шилі, Милісай, Шұбалаң ауылдарында су тазарту қондырғылары орнатылды. Міржақып Дулатов орта мектебінің спорт залын, мектептің ішкі қабырғаларын және музей кабинетіне, Жармағанбетов орта мектебі спортзалының төбесіне Албарбөгет орта мектебінің төбесіне және интернат ғимаратына ағымдағы жөндеу жұмыстары жасалып, Жармағанбетов орта мектебі мен Сарысу негізгі мектебіне блокты-модульді қазандықтар қойылды. Алдағы уақытта «Ауыл – Ел бесігі» және «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламалары бойынша атқарылатын іс-шараларды уақытылы және сапалы орындауды мақсат етіп отырмыз. Ауыл шаруашылық өнімін өндіру көлемін ұлғайтып, шағын бизнес және қызмет саласында кәсіпкерлікті дамыту үшін жағдайын жасаймыз. Сондықтан, бәрімізге де бірлесе жүріп шешер істер алдағы уақытта да азаймақ емес, себеп жақсы тірлік жасау үшін тынымсыз еңбек жасауымыз керектігі айдан анық. Сол үшін жақсы істерімізге сәттілік. Еліміздің келешегімен халқымыз үшін адал қызмет жасайтын боламыз, – деді аудан әкімі.

Барлық сала бойынша атқарылған жұмыстарды аудан әкімінің www.zhangeldy.kostanay.gov.kz ресми сайтынан оқи аласыздар. Біз ендігі кезекте тұрғындардың тарапынан айтылған ұсыныс – пікірлерге кезек береміз.

Ерболат Құсайынов, Торғай ауылының тұрғыны:
– «Оспанқожа әулие» мешітінің жанынан ашылған асхананы дүниеден өткен адамдардың жылдық және қырық күндік асын беру үшін екі сағат жалға аламыз. Ал оған төленетін ақшасы өте қымбат. Кейбір жағдайы келмейтін кісілердің қалтасы көтермейді. Той жасап жатса түсінуге болады. Ал, аруақтарға құран бағыштап, ас бергенге бұлай жасау ақылға қонымсыз. Осы мәселені мәнісін анықтап берсеңіз деп ұсыныс айтқым келеді. Сонымен қатар, жұмысы тұралап тұрған орталық моншаны іске қосса деген тұрғындар тарапынан өтініш бар.

Жанмұрат Қали, Торғай ауылының тұрғыны:
– Былтырғы жылы жергілікті полицияға малымның жоғалғандығы жөнінде шағымданғанмын. Содан бері еш нәтиже жоқ. Жұмыстары мардымсыз. Қылмысты ашуға құлықтары жоқ сияқты. Тағы бір мәселе жолды қардан тазалағанда кеңірек тазартса екен. Қарсы келе жатқан көлік болса кептелісте қаламыз. Шабындық жерлерге шаруа қожалықтарын кіргізбеу керек. Олар иеленіп алады да қарапайым халықты шөпсіз қалдырады.

Қанатбек Ерғалиев, Шеген аулының тұрғыны:
– Ауыл орталығындағы елдің пайдаланып отыған ауызсу құдығын жиі тазалап, санитарлық жұмыстарын жасап отырса екен. Сосын біздің шаруа қожалықтарымыз тиесілі жерлерінен бөлек шабындықты иеленіп алады. Олардың өздеріне белгілеп берген жерлері бар. Маңайына бара қалсаң, менің жерім деп қоқаңдайды.

Мұса Ахауов, Ақшығанақ ауылдық округінің тұрғыны:
– Аудан мен ауыл ортасындағы көтерме жолдың жағдайын білесіздер. Көктем айында саз балшықтанып, көліктердің жүруіне кедергі, жазда дірілдек. Сол жолдың аласарып қалған жерлерін құм төсеп, қайта көтерсе дұрыс болар еді.
Ауыл тұрғындары мынадай мәселелерді алға тартты. Жастар бір мезгіл доп ойнайтын спортзал жоқ. Мектептің спортзалына келсек шектеулі уақыт береді. Роскосмостан түскен қаржыға күрес залын ашып берсеңіз екен? Салауатты өмір салтын қалыптастырып, жастардың спортпен шұғылдануына ықпал жасауыңызды сұраймын. Көктемгі су тасқынында шабындыққа су шығаратын «Ақсай» бөгетін бөгеуге бола ма? Ауылдағы медициналық пунктке күрделі жөндеу жұмыстары жасалса дұрыс болар еді.

Аудан басшысы жолдың ойпаң болып қалған жерлерін қалыпқа келтіріп, құм төгіп, оның үстіне щебень тасын төсеу үшін облыс басшылығынан қаржы сұрайтындығын жеткізді. Ауыл орталығындағы бос тұрған ғимаратты күрес залы қылып жасау үшін аудандық бюджеттен тиісті қаржы бөлінетіндігіне сенім білдірді.

Аудан әкімі Шота Оспанов ауыл, ауылдық округтердегі тұрғындардың сауалына нақты жауап берді. Кезек күттірмейтін мәселелердің түйіні шешілетінін айтты. Ал, жерге, мал ұрлығына байланысты сала басшылары жауап берді. Аудандық мешіттің асханасын жалға алу бағасы жөнінде мешіт жамағаттары, жергілікті билік өкілдері мен аудан ақсақалдары өткен сенбі күні бас қосып, мәселенің мәнісін қарап, бір мәмілеге келді. «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы негізінде аудан және ауыл, ауылдық округтардың әкімдері екінші тоқсанда тағы бір мәрте жергілікті халықпен кезедесіп, атқарылған, атқарылатын жұмыстарын баяндайтын болады. Қордаланған мәселелерге көңіл бөлінеді деп сенеміз.

Байбатыр НИЯЗБЕКҰЛЫ

Редактор

Поделиться
Опубликовал
Редактор

Недавние новости

30-летие образования маслихатов Казахстана депутаты Костанайской области отметили благотворительным концертом

Единство народа, готовность протянуть руку помощи в трудную минуту всегда отличали казахстанский народ. Депутаты Костанайской…

20 минут назад

В этом году в Камыстинском районе было высажено 3500 деревьев

Районным отделом ЖКХ было приобретено 2800 штук без кома и 700 штук с комом саженцев…

16 часов назад

Әзім Әбдіркенов Абу-Даби қаласында Әлем чемпионы атанды

Абу -Даби қаласында қараша айының 10-11 күндері джиу-джитсийдан Әлем чемпионаты өткен болатын. Әлемның түкпір түкпірен…

17 часов назад

В селе Введенка Мендыкаринского района открылся новый участковый пункт полиции

Теперь безопасность в селе выйдет на новый уровень (далее…)

19 часов назад

В селе Аманкарагай предприниматель установил детскую площадку на родной улице за 6 млн тенге

В Аулиекольском районе произошел поистине вдохновляющий случай. Местные жители выражают безмерную благодарность бизнесмену. (далее…)

21 час назад

Первые шаги к карьере: как подготовиться к собеседованию и найти работу?

В рамках проекта «Услуги по организации работы в рамках ресоциализации и реабилитации граждан, освободившихся из…

22 часа назад

This website uses cookies.