Н. Ахметбеков атындағы мәдениет үйінің жанынан құрылған «Халық театры» ғашықтар күніне арнап, Ғ. Мүсіреповтың «Қозы көрпеш-Баян Сұлу» поэмасының желісімен жазылған шер мен мұңға толы трагедияны сахналады
Көрермендер рухани демалып қайтты. Театр әртістерінің күндіз – түні тер төгіп, дайындалғандары көрініп тұр. Сахна әрлеуіде сол замандағы қайталанбас көрніске сай болды. Дүниенің соңынан қуып, қайрысыз әрі қатыгез әке Қарабайдың рөлін сомдаған Шыңғыс Садуақасов осы жолыда өнер сүйер қауымның ерекше ықыласына бөленді. Маздаған махаббатың жалынына шыдамай көкірегі кекке толған Қодардың өмірін бейнелеген Марғұлан Қасымбектің таланты баршамызды тәнті қылды.
Жағымпаздық пен жауыздықтың жаршысы болған Жантық рөлін Азамат Жолдыхан сомдап, актерлық қырынан танылды. Ал, мәңгілік махаббаттың құрбаны болған Қозы рөліне Мейрамбек Бейсенбекті тура таңдап алған екен. Ессіз ғашықтың бейнесін аунытпай салған жайдарманшы жігіт кәнігі театр әртістерін көз алдамызға елестетті. Жұлдыздай жарқырап жүрседе, бағы жанбай жіпсіз байланған Баян сұлудың сыңарындай бола білген Фариза Бүркітбайдың тума талантына ешкімнің таласы жоқ деп ойлаймын. Кез – келген сахналық қойылымдар да кейіпкерлерді сомдап, біте қайнасып кететін өнеріне ешкім шүбә келтірмейді.
– Бұл поэманың негізгі идеялық-мазмұны сол дәуірдегі жастардың сүйіп қосылуын арман еткен тілек-мүдделерді қамтыған. Ал, тереңірек үңіліп қарасаңыз трагедияның идеялық бір сабағы жесір дауымен байланысы бар сияқты көрінеді. «Жесір ерден кетсе де, елден кетпейді» деген пікірді сабақтастырған сынайлы, – дейді ұйымдастырушылар.
Байбатыр НИЯЗБЕКҰЛЫ
Ценным подарком в преддверии Дня благодарности стал праздничный концерт в честь сподвижников. (далее…)
Өңірлерде жергілікті тұрғындар сайлаған әкімдердің 60 пайызы бұрын мемлекеттік қызметте жұмыс істемеген. (далее…)
«Заң және тәртіп» жобасы аясында (далее…)
Районные зимние соревнования прошли в рамках I зимней областной спартакиады. (далее…)
Тозығы жеткен мектеп (далее…)
Все услуги, которые оказывал морг, теперь будет осуществлять индивидуальный предприниматель Владимир Крукович. (далее…)
This website uses cookies.