Жангелдин ауданы орталығындағы көлік жуу тұрағы жұмыс жасап тұр

Былтырғы жылы аудан тұрғыны Алтынбек Қыпшақбаев өзінің ақ адал маңдай термен тапқан қаражатына көлік жуу тұрағын салды

Кейін кәсіпкерлікті дамыту мақсатындағы мемлекеттік бағдарлама арқылы қайтарымсыз несие алып, жұмысын жандандырды. Көлік жуу тұрағын қажетті заттармен толықтырды. Оның сыртында кілем жуу жұмысын қоса атқарып, табыс табуға машықтанды. Аталған тұрақ келушілерге сапалы қызмет жасап тұр. Ішіне жылу жүйесі тартылған. Бір адамды тұрақты жұмыспен қамтып отыр. Алтынбектің ендігі ойы мемлекет тарапынан көп мөлшердегі қайтарымсыз несие алып, кәсібін дамытқысы келеді. Қосымша дөңгелек жөндеу орталығын ашуда жоспарлауда. Бизнес жоспарын қағаз бетіне түсіріп, осы бастан қамданып жатыр.

– Менің ойға алған жоспарларым өте көп. Оларды іске асыру үшін барлығы қаражатқа келіп тіреліп тұр. Жақында аудан әкімінің қабылдауында болдым. Жоспарлы жұмыстарымды бөлістім. Мемлекеттік бағдарлама бойынша грант алу үшін қажетті құжаттарды дайындауға кеңес берді. Көлік жуу тұрағының оң жағындағы бұзылған үйдің орнын тазалап, қоршаймын. Жеңіл көліктерден бөлек камаз автокөліктері сиятындай жасаймын деп отырмын. Ойлаған ойым жүзеге асса екі адамды жұмыспен қамтимын. Үй жиһаздарын жуатын құрал алсам, бір адамды ауыл, ауылдық округтерге жіберемін. Бағасы да тиімді болады. Ең бастысы қайтарымсыз неисеге қол жеткізсем болғаны. Сол кезде сөзбен емес, іспен дәлелдейтін боламын, – дейді кейіпкеріміз.

Расында, пайдасы жоқ көбік сөзден іске көшетін ұтымды сәтті пайдаланған абзал. Әйтпесе, қайтарымсыз несиені алып, ашылуынан жабылуы тез болатын кездерді жиі көріп жүрміз.

Байбатыр АХМЕТБЕКОВ


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31

Просмотров: 7