Жангелдин аудандық ауруханада ем алып жатқан науқас шағымданған

Жалған ақпарат тарқан беймәлім адам кінәсін мойындамады

Қазіргі уақытта адамдар әлеуметтік желі арқылы шағым айтып, блогерлердің көмегіне жүгінуді әдетке айналдырған. Түптеп келгенде мәселенің түйінін жергілікті билік өкілдері шешеді. Соны біле тұра қамышыны айдалаға үйіреді. Өткен аптада «WhatsApp» желісіндегі «Торғай халқының үні» деген топта торғайлық азамат мына бір жазбаны салып, біраз талқылады.

«Сәлеметсізбе қайда? Кімге? жазу керегін білмей сізге жазып отырмыз. Аудандық ауруханада жатқанымызға 10 күн болды. Орталық ауруханада тамақ жоқ. Дәрі – дәрмек жетіспейді. Бірі болса, бірі жоқ. Ақшамызға дәрі сатып алып отырмыз. Бұның бір жолын қарастырып, шара қолдануға болмай ма? Шалғай ауылдан келген науқастардың жағдайын жасау керек қой. Олардың бұл жақта туыстары жоқ. Сондықтан тамақ әкеліп беретін таныстары да жоқ», – деп блогер Бекбосыновтың жеке парақшасына жазып, шағымданған.
Бізде осы мәселенің анығына көз жеткізу үшін аудандық аурухана бардық. Бас дәрігермен жолығып, шағымданған беймәлім адамның жазбасын оқып бердік. Бұл жалған ақпарат екенін алға тартты.


«Аудандық аурухандағы тамақ мәселесі шағымданған адам айтқандай емес. Ем алушыларға уақытылы үш мезгіл тамақ беріліп отырады. Арнайы ас мәзірі бар. Барлығы талапқа сай. Біз ем алушыларға үйдегідей тамақ бермейміз. Ем алып жатқандарға аудан орталығындағы туыстары табақ – табақ ет алып келіп жатады. Мен ондайларға шектеу қойдым. Себебі, олар демалуға емес ем алуға келді. Майлы тамақ науқас адамдардың денсаулығына кері әсерін береді. Ол кісілерге айтып түсіндірумен келемін. Ал, дәрә меселесіне келетін болсақ, дәріханада қажетті дәрі – дәрмектердің барлығы бар. Сондықтан беймәлім адамдының әлеуеметтік желіге жариялағаны қисынсыз. Егер шыныменде, аудандық аурухана да осындай мәселе туындап жатса, маған келіп, айту керек. Менің қолымнан келмейтін болса, жоғары билікке ұсыныс айтар едім. Бұндай жалған ақпараттар елдің арасына іріткі салады. Мен сырттың қызымын. Осы Торғай жеріне келіп, жұмыс істеп, денсаулық саласының дамуына шынайы үлесімді қоссам деп жүрмін», – дейді бас дәрігер
Қазіргі уақытта ауруханада 9 адам ем алып жатыр екен. Ол кісілердің жағдайлары жақсы.

«Уақытылы тамағымызды ішіп, ем қабылдап жатырмыз. Күні кеше ғана жаңа заманауи кереуеттер мен едицианалық жаңа құрылғылар келді. Осындағы мейірбейкелер мейріміне дән ризамыз. Барды қанағат тұтқан дұрыс», – дейді ем алушылар.

Бұдан кейін аудандық аурухананың асханасына бардым. Аспазшылармен кездесіп, мән жайға қанық болдым. Ас мәзірімен таныстым. Журналисттер келеді деп көзбояушылық жасап қоймаса барлығы талапқа сай екен. Жалған ақпарат таратпас бұрын, әрбір істің байыбына барып, дәлелді дәйектерді келтірген абзал.

Байбатыр АХМЕТБЕКОВ

Редактор

Поделиться
Опубликовал
Редактор

Недавние новости

Журналиста Максима Сушко признали невиновным по делу о клевете в адрес акима п. Октябрьский

Дело прекращено за отсутствием состава правонарушения, сообщает "ТоболИнфо" (далее…)

2 дня назад

Наурзумцы получили долгожданный автомобиль скорой помощи

Новым санитарным автотранспортом с 2019 года оснащены уже 5 медицинских участков района. (далее…)

2 дня назад

Класс памяти о погибшем герое, который спас ребенка, открыли в Аулиекольском районе

Этот кабинет станет символом памяти и уважения к героическому поступку выпускника школы Салимбека Альденова, который…

2 дня назад

По какой причине перенесли зажжение главной елки в Костанае?

Изначально оно должно было пройти 21 декабря, затем его перенесли на 20 декабря, а вчера…

2 дня назад

Қамыстылықтар жаңа жыл мерекесіне қызу дайындық үстінде

Жаңа жыл қарсаңында жұрт туыстары мен достарына ерекше сыйлықтар жасауға тырысады. (далее…)

2 дня назад

This website uses cookies.