Жангелді ауданында “Киелі ақ орамал” байқауы мәресіне жетті

Өткен аптада аудандық «Аналар кеңесі» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен өткен жас келіндер арасындағы «Киелі ақ орамал» байқауы өз мәресіне жетті

Аталған байқау «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасының шеңберінде ел Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойына арналды. 10 үміткер қатысып, киелі орамалдың құндылықтарын насихаттады. Ақ орамал аналарымыздың кір шалмас аппақ арындай. Кезінде әжелеріміз ақ жаулықты даналық пен даралықтың киесі деп бағалаған. Жасыратыны жоқ қазіргі таңда жас келіншектер орамалды көп таға бермейді. Мүмкін ол жәй ғана мата деп топшылауы ықтимал. Ал ол ақ орамалдың астарында қандай ұғым барын кейбіреуі білмейтінде шығар. Сондықтан бұл байқау жас келіндерге ақ орамалдың қадір қасиетін ұғындыруы үшін ұйымдастырылса керек. Байқау онлайн түрде өтті.

– «Аналар кеңесі» ҚБ-нің Instagram парақшасына байқаудың шарттары жарияланды. Үміткерлерді «лүпіл» арқылы бағалау әлеуметтік желі оқырмандарының еншісіне бұйырды. «лүпілді» лайықты басқан соң байқау жеңімпазындары анықталды. Бас жүлдені Рабиға Нұрмағанбетова жеңіп алды. Жеңімпазға «шайкөрпе» сыйға тартты. Бірінші орынды Гүлбақыт Нәкенова және екінші орынды Гүлдана Нүркей иеленді. Үшінші орынды Балым Садуақасованың меншігіне қалдырып, 5000 теңге табыстады. Көршілес Амангелді ауданының тұрғыны Анар Аяпбергенова, Ақмарал Мәлікова, Алтынгүл Көшімбек, Айнұрым Файзуллақызы, Ақгүл Кәдірханава ынталандыру сыйлықтарымен және алғыс хаттармен марапатталды, – дейді аналар кеңесінің төрайымы Кәмпит Елеутова.

Ұлттық дәстүріміз бен салтымызды насихаттайтын шаралар көбірек ұйымдастырылса игі.

Байбатыр АХМЕТБЕКОВ


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31

Просмотров: 8