Жаңа оқу жылында Қарасу ауданында

320 орынға шақталған білім ошағы пайдалануға берілді

Білім күні мерекесі Қарасу ауылы үшін ерекше қуанышқа толы күндердің бірі болды. Олай дейтініміз, биылғы жылдың білім күнінде жаңа мектептің құрылысы аяқталып, оқушылар су жаңа мектептің табалдырығын аттады. Негізі, Қарасу ауылында жаңа мектеп салу мәселесі көптен бері қозғалып келе жатқан болатын. Аталған мәселе өткен жылы оңтайлы шешіліп, біржақты болды. Нәтижесінде екі қабатты, 320 орынға қарастырылған білім ошағының құрылысы басталған болатын.

Міне, бүгінде заман талабына сай аталмыш мектептің құрылысы аяқталып, нысан салтанатты түрде пайдалануға берілді.

Мектеп қажетті технологиялық құралдар және жиһаздармен толық қамтамасыз етілген. Футбол алаңы, баскетбол және волейбол алаңдары бар дене шынықтыру-спорт аймағы, оқу-тәжірибе станциясы, спорт зал, мектеп бақшасы, 0-4 сыныптардың демалуына арналған аула және бірнеше арнаулы жабдықталған сынып бөлмелері бар.

Қарасу мемлекеттік тілде оқытатын жалпы білім беретін мектебі жаңа оқу жылын барынша сән-салтанатымен қарсы алды. Салтанатты жиында мемлекеттік Әнұран шырқалып, одан кейін облыс әкімі Архимед Мұхамбетов білім ошағы ұжымына және оқушыларға сәттілік тіледі.

– Бүгінде мемлекет тарапынан білім беру саласын дамытуға ерекше көңіл бөлініп келеді. Заман талабына сай білім беру сапасын арттыру мәселесі ел үкіметінің де алға қойып отырған басты бағыттарының бірі. Өскелең ұрпақтың білім алуына барынша жағдай жасап, сапалы біліммен қамтамасыз ету мақсатында жаңа білім ордалары салынуда. Бүгінгі ашылып жатқан мектеп соның бір дәлелі. Баршаңызды білім күнімен құттықтаймын. Жаңа оқу жылы ұстаздарға толағай табыс, тың серпіліс әкелсін. Оқушылар жақсы білім алып, оқуда үлкен жетістіктер мен жаңа табыстарға жете берсін, – деді аймақ басшысы.

Бұл күні ата-аналардың жүздерінен қуаныштың нышанын көру, байқамау мүмкін емес еді. Ата-аналар атынан құттықтау мен ризашылық сөздерін білдіру үшін ортаға Есімхан Тоқыбаев шығып, құттықтау сөз сөйлеп, жаңа мектепке ұлы ағартушы Ыбырай Алтынсаринның атын беру жөніндегі көпшіліктің ұсынысын жеткізді. Мектеп директоры Айгүл Арғынғазина да жиналған қауымды білім күнімен құттықтап, игі тілегін білдірді.

Бұл күнгі мерекенің басты қонақтары – 1 сынып оқушылары. Алғашқы қоңырау – олар үшін көптен күткен айрықша күн. Мектеп өмірінің маңызды кезеңіне қадам басқан 1 сынып оқушыларына «Әліппе» табысталды. Мектептің өнерлі өрендері өз өнерлерін ортаға салып, жиналған көпшілікті бір серпілтіп тастады. Бірінші сынып оқушылары тақпақтарын оқыды.

Алғашқы қоңырауды 1 сынып оқушысы Анель Байжанова мен 10 сынып оқушысы Ратмир Темірғали соқты.

Мектепті салушы мердігер мекеме – «Алюминстрой» ЖШС бас директоры Абай Мұқанов пен еңбек ардагері, ардагерлер кеңесінің төрағасы Нұртан Ақшалов жаңа мектептің лентасын қиды.

Салтанатты ашылудан соң облыс әкімі мектеп ішін аралап, ұстаздармен кездесіп, жаңа оқу жылына табыс тіледі.

Жаңабай АХМЕТОВ

Сурет автордікі

Редактор

Поделиться
Опубликовал
Редактор

Недавние новости

Журналиста Максима Сушко признали невиновным по делу о клевете в адрес акима п. Октябрьский

Дело прекращено за отсутствием состава правонарушения, сообщает "ТоболИнфо" (далее…)

2 дня назад

Наурзумцы получили долгожданный автомобиль скорой помощи

Новым санитарным автотранспортом с 2019 года оснащены уже 5 медицинских участков района. (далее…)

2 дня назад

Класс памяти о погибшем герое, который спас ребенка, открыли в Аулиекольском районе

Этот кабинет станет символом памяти и уважения к героическому поступку выпускника школы Салимбека Альденова, который…

2 дня назад

По какой причине перенесли зажжение главной елки в Костанае?

Изначально оно должно было пройти 21 декабря, затем его перенесли на 20 декабря, а вчера…

2 дня назад

Қамыстылықтар жаңа жыл мерекесіне қызу дайындық үстінде

Жаңа жыл қарсаңында жұрт туыстары мен достарына ерекше сыйлықтар жасауға тырысады. (далее…)

2 дня назад

This website uses cookies.